Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti
адамда “піл ауруын” -
элефантиазис ауруын тудырады. Дамуы иесін алмастыру жолымен
өтеді. Ересек түрлері адамның лимфа бездерінде жэне лимфа капил-
лярларында тіршілік етеді. Сол жерде аналығы көптеген личинка-
219
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ларды тірідей туады. Оларды “түнгі микрофиляриялар” деп атайды,
өйткені түнде личинкалар дене сыртына жақын лимфа капиллярла-
рында болса, күндіз дененің терең орналасқан лимфа бездерінде,
өкпе, жүрек, бүйрек тамырларында болады. Бұл паразиттің аралық
иесі қансорғыш масалар (Culicidae тұқымдасы). Маса ауру адамның
қанын сорған кезде, оның ішегіне қанмен бірге личинкалар
микрофиляриялар да түседі. Олар ішектің қабырғасын тесіп, дене
қуысына өтеді де, сол жерде өсіп, дамып гемолимфа ағынымен
масаның тұмсығына жиналады. Кейін, маса сау адамның қанын
сорғанда личинка адамның терісіне, одан лимфа тамырларына өтіп,
ересек формасына айналады. Лимфа тамырлары зақымдалып, тамыр-
лардың бітеліп қалуына және қоймалжың лимфа жиналуына
байланысты, жарақаттанган жер қатты ісініп “піл ауруы” пайда бола
ды (83, В сурет). Элефантиазис ауруы тропикалық және субтропи-
калық елдерде кең таралған.
П А Р А З И Т Т Е Р Ж Ә Н Е О Л А Р Д Ы Ң Ш Ы Е У Т Е Г І
Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін саласы
гельминтология деп аталады. Паразитті қүрттар арқылы адам,
жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болатын аурулар
іш-құрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады. Сорғыш қүрттардың
салдарынан - трематодоз, таспа құрттардан
цестодоз, жұмыр
қүрттардан - нематодоз аурулары пайда болады. Осылардың ішінде
әрбір түрдің тудыратын ауруы туыс атымен аталады. Мысалы: Fas
ciola hepatica
бауыр соргыштың тудыратын ауруы
фасциолез;
Echinococcus granulosus - эхинококкоз; Ascaris lumbricoides
аскаридоз; Trichinella spiralis
трихинеллез, т.б.
Паразит деген ұғымның өзі гректің “para”- жанында, “sitos”-
қоректену деген сөзінен шыққан. Ең алғаш паразитке түсінікті және
оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап,
зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (1879). Лейкарттың
анықтамасы бойынша паразит дегеніміз - бұл бір организмнің екінші
бір организмде тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде де, мекен
ретінде де пайдаланатын жануар. Паразиттер өз иесінен кіші болады.
Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес.
Tipi организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен
немесе селбесіп өзара қарым-катынастық жасауынан, эволюциялық
220
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
даму барысында өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне
бейімделуден болатын процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе
теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп жүрген балық пен майда құрттарды
алатын болсақ, қандай бір жағдайлармен жаңағы құрт балық денесіне
жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі бойынша, майда
жәндіктерді қармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балық
денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді.
Сілекей бұл нағыз дайын органикалық зат. Сондай-ақ балық денесі
қандай да бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шықкан қан
құрттың аузына құйылады. Бұл қанмен қоректенген құрт оған да
бейімделе бастайды. Енді, құрт осылай қоректенуге бейімделгенде,
балық денесі жазылып, құрт өзінің әдеттенгендік қорегін іздеп,
жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жарақаттап, қанымен
қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір
кезенде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден, дайын
қоректік затпен қоректеніп, өзінің иесін пайдаланып паразиттік
тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген басқа жолдар
да бар.
Паразиттпер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені
пайдаланады: негһгі және аралың.
Денесінде паразит ересек түрінде
дамитын (жыныстық жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар
паразиттердің негізгі (тұрақты) иесі, ал личинкасы дамитын болса,
ол аралық иесі. Бұлардан басқа екінші (қосымша) және резер-
вуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа құрттың (Di-
phyllobothrium latum) негізгі иесі адам, аралығы
циклоп (шаян-
тәрізділер), екінші (қосымша) аралығы
балық.
Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып
бөлінеді. Мысалы, Aloinema туысына жататын құрттың кейбір
түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп, пара-
зиттік тіршілікке көшеді, ал ішекке түспеген жағдайда олар топы-
рақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек
факультативті түрде болады.
Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты пара
зиттер. Солардың ішінде толық даму үшін аралық иені қажет ете-
тін паразит құрттар - биогельминттер, ал топырақты қажет ететін -
геогельминттер.
Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте
қауіпті. Сондықтан елімізде гельминтозға қарсы күрес жүргізу шара-
лары қолға алынған. Бұл салада атақты ғалым академик К. И. Скрябин
221
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
және оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайдалануға болатын
өте маңызды нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына қарсы
күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынып, аурудың алдын алу
тәсілдерін белгілеп берген. К. И. Скрябиннің бастауымен жүргізіліп
жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс жолға
қойылған.
К. И. Скрябин 1905 жылы Юрьев қаласындагы мал дәрігерлік
институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкент пен Әулиеатада
бастады (1905-1911 жылдары). Жамбыл қаласында К. И. Скрябин
атындағы Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялық
лаборатория мен музей ашылған және мемориал тақтасы орнатылған.
К. И. Скрябиннің трематодтар, цестодтар, нематодтар туралы
бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында
маңызды роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |