ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
83-cypem .
Паразитті нематодтар: А - ришта (Dracunculus medinensis), аналығы;
Б - циклоптың ішіндегі риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының
зардабынан пайда болған элефантиазис (“піл ауруы”) ауруы
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады. Бұл ауру
Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл
жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріндеп
жарақаттанған аяғын, қолын сумей жуу арқылы личинкаларды суға
ағызып, олардың кең таралуына себепкер болады.
Риштаға қарсы бағытталған комплексті және жоспарлы шара-
ларды мұқият қолданғанның нәтижесінде дракункулез ауруы ТМД-
да түгелімен жойылды. Адам, жануарлар және өсімдіктердің гель-
минтоздық ауруларының қоздырғыштарын жоюға бағытталған
белсенді шараларды девастация деп атайды. Атақты гельминтолог
К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми еңбектерді жазған.
Достарыңызбен бөлісу: