ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Құйрық бөлімінің немесе пигидияның сегменттері 5-6 ғана, олар
тұлға сегменттерінен өзгеше, өте жіңішке, целом қуысы және
параподиялары жоқ.
Көпқылтандылардың денесі бір қабатты эпителимен қапталынған.
Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады.
Эпителиінде без клеткалары көп. Бекініп тіршілік ететін полихеттерде
без клеткаларының сыртқа шығарған, қатқан сілекейінен хитин
тәрізді түтікше пайда болады, ал Telepus туысының өкілдері шы-
ғарған сілекейіне құмның ұнтағын жабыстырып, мықты түтікше
немесе “үйшік” жасап алады.
Эпителидің астында тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Ол
сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы бүлшықеттерден
құралған. Тері-бұлшықет қапшығы ішкі жағынан перитонеальды
астаршамен (целотелимен) қапталынған.
Целом.
Полихеттердің ішкі мүшелері дененің қуысында жатады,
сол қуысты екінші немесе целом қуысы деп атайды. Целомның
бірінші қуыстан ерекшелігі арнайы қабаты болуында. Целом қабаты
перитонеальды эпителий немесе целотелий мезодерма
клеткаларынан түзілген. Тері-бұлшықет қапшығын астарлайтын
қабаты соматоплевра (париеталь), ал ішек пен қан тамырларын
астарлайтын - спланхноплевра (висцеральдық) деп аталады және арқа,
құрсақ мезентериялық перделері болады. Осы арқа құрсақ перделері
арқылы целом (оң жақ және сол жақ) екі бөлікке бөлінген (целом қап-
шығына). Дененің іш қуысы көлденең перделер немесе диссепименттер
/септалар/ арқылы жеке камераларға бөлініп тұрады, мұндай камералар
сыртқы сегментацияға сәйкес. Целом қуысы сұйық затқа толы.
Целомның негізгі қызметі - тірек, зәр шығару, тасымалдаушы және
сол қуыста ұрық клеткалар пісіп жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: