Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет158/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   250
Ac қорыту жүйесі 
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды 
ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Ауыз тесігі 
перистомиум сегментінде орналасқан, ал аналь тесігі құйрык 
бөлімінде. Алдыңғы ішек бірнеше бөлімнен: ауыз қуысы, жұтқыншақ 
және оның жіңішкерген жері өңештен тұрады. Ортаңғы ішегі ұзын
ал артқы ішегі қысқа. Еркін жүзетін көпқылтандылардың жұтқын- 
шағының ішкі қабырғасында хитинді өткір тісшелері немесе жақ 
тақталары болады.
Полихеттердің басым көпшілігі 
жыртқыштар, ұсақ жануар- 
лармен қоректенеді, тіпті ұсақ балықтарды да ұстайды, ал тіркеліп 
тіршілік ететін полихеттер лайлы құмдағы түрлі жәндіктермен және
242


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
90-cypem.
Полихетгердің протонефридиялары: А, Б - соленоциттер; 
В - Alciope contrainiu-нің нефромиксиясы; 1 - жыныс воронкасы,
2 - жыныс түтігі, 3 - нефридия түтігі
детриттермен /өсімдіктер, жануарлар қалдықтарымен/ қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі 
метанефридиялы. Денесінің әрбір сег- 
ментінде оң және сол жақтарында зәр шығару түтіктері орналасқан, 
олардың алдыңғы ұшы воронка түрінде кеңейіп целом қуысына 
ашылады. Бұл нефростом (грек тілінде “нефрос” бүйрек, “стома” 
ауыз), оның қабырғасы кірпікшелі клеткалардан құралған. Нефро- 
стома жіңішке түтікке жалғасады, ол диссепиментті тесіп өтіп, келесі 
сегменттің бүйір жағынан сыртқа қарай зәр шығару тесігімен не- 
фропорамен аяқталады. Сонымен, метанефридияның бір ұшы целом 
қуысымен жалғасады да, екінші ұшы сыртқа ашылады, осындай 
жүйені сегменттелген жүйе деп те атайды. Полихеттердің төменгі 
сатыдағы түрлерінде зәр шығару жүйесі протонефридиялы құры- 
лысты. Негізгі түтіктің алдыңғы ұшында соленоциттер деп аталатын 
кірпікшелі клеткалар жинағы болады. Соленоциттер 
ішінде ұзын 
кірпікшелі жіпшесі бар, іші қуыс, ұзын түтікке айналған дөңгелек 
денелі клеткалар (90-сурет). Сонымен, полихеттердің протонефридия 
жүйесі жалпақ құрттардың протонефридиясына ұқсас, тек ерекшелігі
243


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
соленоциттер целом қуысымен тығыз байланысты. Зәр шығару 
жүйесінің тағы бір ерекшелігі нефридия түтіктеріне жыныс воронкасы 
немесе жыныс жолдары келіп қосылады, сонымен аралас нефридия 
немесе нефромиксиялар пайда болады (90, В-сурет). Нефромиксия- 
лар жыныс ьслеткалары мен несеп заттарын сыртқа шығарады.
Нефридиялардан басқа зәр шығару қызметін ірі хлорагогенді 
клеткалар атқарады. Олар қан тамырлары мен перитонеальды эпи­
телий қабатында орналасып, өздерінің бойына зат алмасудың соңғы 
қалдықтарын жинап, целом қуысына өтеді де, нефридия арқылы 
сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет