Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


С Ү Л І К Т Е Р К Л А С Ы - H I R U D I N E A



Pdf көрінісі
бет168/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

С Ү Л І К Т Е Р К Л А С Ы - H I R U D I N E A
Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 
түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың 
қанымен қэректенетін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны 
тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум) 
және аналь (пигидиум) бөлімдері жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы 
жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, 
лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға 
толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.
Қ ұ р ы л ы с ы м е н ф и з и о л о г и я с ы .
Сүліктер дене пішіні жағынан 
жалпақ құрттарға ұқсас. Денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысылған, 
ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы жіңішке сегменттері ішкі ірі 
сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі сегментіне 3-5-ке дейін 
сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді. Сүліктердің денесі 33 сег- 
менттен (Acanthobdella отрядында 30) түзілген, олардың алдыңғы 
төртеу косылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы сорғышты 
құрайды. Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары және
259


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
желбезектері жоқ, тек Acanthobdella туысының өкілдерінде алдыңғы 
5 сегментінде қылтандары болады, бұл олардың азқылтанды 
құрттарға жақындығын көрсетеді.
Денесі тығыз кутикуламен қапталған, оның астын кілегейлі без 
клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий клеткалардың 
түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалары 
шашыраңқы орналасқан. Сүліктердің түсі осы пигменттердің түсі. 
Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы 
бұлшықеттер орналасқан. Сонымен қатар дорзо-вентральды 
бұлшықеттері де бар.
Ішкі мүшелерінің арасын паренхима толтырған, целом қуысы 
нашар дамып, жіңішке түтікшеге, лакунарлық жүйеге айналған, тек 
қана Acanthobdellida отрядының өкілдерінде ғана ересек күйінде 
целом сақталып қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет