Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Т ы н ы с а л у м ү ш е с і



Pdf көрінісі
бет170/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Т ы н ы с а л у м ү ш е с і
дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде 
тіршілік ететін Branchellion туысының өкілдері дене сегменттерінің 
бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.
Қ а н а й н а л у ж ү й е с і
целомға байланысты әр түрлі құрылысты. 
Қылтандылар (Acanthobdellida) отрядының өкілдерінде целом қуысы 
сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және құрсақ қан тамырлары са- 
қиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Тұмсықты (Rhynch- 
obdellida) сүліктер отрядыньщ өкілдерінде целом қуысы редукция- 
ланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лаку- 
налар (синустар) түрінде болады: арқа, құрсақ және екі бүйірлі. Олар 
бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Арқа 
және құрсақ лакунаның ішінде арқа және құрсақ қан тамырлары 
бар, ал екі бүйір лакуналары қан тамырларымен қатыспай, қабыр- 
ғаларының жиырылуының нәтижесінде, целом сұйық затын дене бо- 
йымен өткізіп отырады. Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары 
мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты (Gnathobdellida) 
сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, 
қан айналуды лакунарлық жүйе атқарады (97-сурет). Лакунарлық 
жүйенің сұйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині болуынан) 
және ішінде амебоцид клеткалары кездеседі.
Сонымен, сүліктерде қан айналу жүйесі мен целомның арасын- 
дағы байланыс субституцияға негізделген (латынша substitutio - 
ауыстыру, алмастыру). Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ 
физиологиялық жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы бір мүшенің 
жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.
261


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОІ ИЯІ'Ы
5
97-сурет.
Сүліктер (Hirudinea): A-В 
целом қуысы- 
ның схемасы: А - Acanthobdella-ның; Б - Rhynchobdellida- 
ның; В - Gnathobdella-ның; 1 - целом, 2 - құрсақ нерв тізбегі, 

құрсақ қан тамыры, 4 ішек, 5 
арқа лакунасы, 6 
бүйір лакунасы, 7 - құрсақ лакунасы, 8 - арқа қан тамыры; 
Г 
медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) көзінің 
құрылысы; 1 - ядро, 2 - кору клетканың сезгіш таяқ- 
ш асы, 3 көру клеткасы , 4 - пигмент, 5 - кору нервтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет