Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Өрмекшілер отряды - Aranei



Pdf көрінісі
бет226/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Өрмекшілер отряды - Aranei
Өрмекшілер аса көп тараған, 27000-ға жуық түрі бар, жыртқыш 
жануарлар. Үйлерде, далаларда, тоғайларда, су жағасында да кезде- 
сетін түрлері бар. Үзындығы 0,7-11 см. Денесі баскеуде және 
сегменттелмеген құрсақ бөлімінен тұрады (124-сурет). Осы екі бөлімі 
сабақшамен байланысқан (баскеуденің 7-ші сегменті). Хелицера- 
ларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның 
түбінде улы бездерінің тесігі орналасқан, сол бездердің шығаратын 
сөлімен (секретімен) қорегін өлтіреді. Педипальпалары қармалауыш 
тәрізді, аталықтарында олар шағылыс мүшесінің қызметін атқарады. 
Қалған 4 жұп аяқтары жүру қызметін атқарады (121-сурет).
Бір немесе екі жұп өкпелері бар, ал көпшілігінде сонымен қатар 
қосарланған трахея түйіндері болады. Құрсақтың соңғы сегментінің 
аяқтары 2-4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция барысында 
өрмекшілердің елеулі жетістігі 
оларда өрмек бездерінің дамуы, 
осыдан өрмек сұйықтығы бөлініп шығады. Өрмек бездері қүрсақтың 
қуысында, оның вентральды жағында орналасқан. Олардың 
тармақтары өрмек сүйелдерінде немесе кейбір өрмекшілерде 
сүйелдердің алдында жататын тақтада ашылады.
344


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
124-сурет.
Өрмекшітәрізділер: A - түкті бүйі - Galeodes araneoides; 1 - хелицера,
2 - педипальпа, 3 - жүру аяқтары, 4 - артқы кеуде сегменттері,
5 - кұрсақ сегменттері, 6 - баскеуде, 7 - көзі; Б - кресті өрмекші - Araneus diadematus; 
1 - баскеуде, 2 - хелицера, 3 - педипальпа, 4 - жүру аяктары, 5 - құрсағы;
В - өрмекші кене - Tetranychus urtica; Г - ұн кенесі-Acarus siro
Өрмек бездері ауада қататын кілегейлі, созылатын затты (өрмекті) 
бөліп шығарады. Бөлінетін жүздеген жұқа өрмек жіптерінің 
жиынтығы бірігіп жібектей өрмек жіпшелеріне желімденеді. Өрмек 
жіпшелерінің көптеген түрлері болады: құрғақ, ылғалды, кілегейлі, 
гофрирленген және т. б. Олар ау торларын, жұмыртқа пілләсін жасау- 
ға арналған.
Ау торы өрмекшінің індерінің жанында төселінеді, немесе 
өсімдіктерде бұтақтар арасында созылады. Торга түскен насеком- 
дарды өрмекші өрмегімен шырмап тастайды, сосын ұстаған жемтігін 
хелицерасымен жаралап, кейін ішіндегісін сорады. Үй өрмекшінің
23—574
345


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
(Tegenaria domestica) өрмек торы (тұзақ) өзінің ұясымен тікелей 
жалғасып жатады.
Індерді жасайтын өрмекшілер індерінің қабырғаларын өрмекпен 
астарлап, өрмектің көмегімен қайырмалы қақпақшаны жасайды. 
Соңғысы інге кіретін тесікті жабады. Кейбір ағаш өрмекшілері өрмек- 
тен тұрғын түтіктер мен ұялар тоқиды, ал кейде ұяның қабырғаларын 
құрайтын оралған жапырақтарды өрмекпен бекітеді.
Су өрмекшісі Argyroneta aquatica - су астында өрмектен қоңы- 
рау тәрізді ұя жасап, оны су асты заттарға немесе өсімдіктерге жабыс- 
тырып, ауамен толтырады. Ол ауаны өрмекші су бетіне көтеріліп 
құрсағындағы түктері арқылы әкеледі және сол түктері арасында 
тыныс алатын, ауа қорын ұстап сақтайды. Ауа көпіршіктерінің әсері- 
нен су өрмекшінің қоңырқай түсі сынап тамшылары тәрізді күмісше 
жылтырайды, сондықтан оларды күміс өрмекші деп те атайды.
Ақырында, өрмек жібі өрмекшілерге жоғарыдан томен қарай 
түсуге де, жоғары қарай шығуға да және ауада ұшу үшін де керек. 
Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілер бұтақтың ұшына шығып, 
жібек жібін бөледі. Ол белгілі бір ұзындығына жеткенде (өрмекшінің 
салмағын көтеру үшін), өрмекші өз аяғын жинап, субстраттан ажырап 
өрмектің арқасында ауа ағысымен әкетіледі.
Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі бар. Аталықтары аналық- 
тарынан кіші және педипальпаларының соңғы буыны 
күрделі 
құрылысты, шағылысу мүшесінің қызметін атқаратын қосындысымен 
ерекшеленеді. Шағылысу алдында аталық өрмекші өрмек жіпшелері- 
нен гамақты тоқып соған тұқымның тамшысын жібереді. Тұқым 
сұйықтығы гамақтың төменгі бетіне өткен кезде, дәл осы уақытта 
ағатын тамшының астына педипальпалардың ұшын орналастырады 
да, тұқым сұйықтығын жинап алады, содан кейін сперматозоидтарын 
аналықтың тұқым қабылдағышына жеткізеді. Шағылысып болғаннан 
кейін, аталығын, егер қашып үлгермесе, аналығы жеп қоятындығы 
байқалады. Pisaura туыстас өрмекшілерде аталықтары шағылысу 
алдында аналықтарына өзінің ұстап алған жемтіктерін жинап береді 
де өздері қашып үлгереді.
Жұмыртқаларын, аналық өрмекші өрмектен тоқылған қапшық 
тәрізді торына салып, екінші өрмек тоқып піллеге айналдырады. 
Піллесін көбіне құрсағына жабыстырып, жұмыртқадан шыққан 
өрмекшілерін біраз уақыт арқалап жүріп өсіреді.
Өрмекшілер зиянды насекомдармен қоректеніп, оларды едәуір 
мөлшерде жояды. Өрмекшілер арасында зиян келтіретін түрлері де


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет