ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
128-cypem .
Көпаяқтылардың ішкі (А) және ауыз аппаратының (Б) құрылысы:
1 - мұртша (кесілген), 2 - жұтқыншақ үсті ганглия, 3 - улы жақаяқ, 4 - өңеш,
5 - сілекей без, 6 - қүрсак нерв тізбегі, 7 - аяқтың түп жағы, 8 - ортаңғы ішек,
9 - мальпиги түтігі, 10 - түқым без, 11 - тұқым қапшығы, 12 - түқым жолы,
13 - артқы қосалқы жыныс безі, 14 - алдыңғы қосалқы жыныс безі, 15 - сыртқы жыныс
тесігі, 16 - жоғарғы ерін, 17 - жоғарғы жақ, 18 - төменгі жақтың бірінші
жұбы (максилла I), 19 - төменгі жақтың екінші жұбы (максилла II), 20 - жақаяқ
қалақша бөлігі және жақ қалақшалары редукцияға ұшырауы мүмкін.
Көпаяқтылардың ауыз аппаратының құрылысы эр класс тар-
мағының өкілдерінде әр түрлі. Symphyla және Chilopoda класс тар-
мағы өкілдерінде ауызы алдыңғы жағынан хитинделген үстіңгі
ерінмен жабылған, ол түрі өзгерген аяқ емес, бастың хитин қабаты-
ның есіндісі, оның астында жоғарғы жақ мандибула, төменгі жақ -
максилла I және максилла II жатады. Diplopoda және Pauropoda класс
тармағының өкілдерінде үстіңгі ерін мен күшті дамыған манди-
буланың астында жалғыз жұпсыз күрделі құрылысты гнатохилярий
(gnathochilarium) деп аталатын тақтасы бар. Ол төменгі жақ
355
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
күңгірт түске бояйды, Polyzonium rosalbum камфордың күйдіргіш
дәмі мен иісі болатын сүт тәрізді сұйық шығарады, тропикалық
Fontaria-ның шығаратын секретіне миндальдің ащы иісі тән және бос
күйінде синиль қышқылына бай.
Достарыңызбен бөлісу: