Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет232/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   250
Ac қорыту жүйесі. 
Көпаяқтылардың ас қорыту жүйесі түтік 
тәрізді, тек артқы ішегі имек болып келеді. Аузы басының төменгі 
жағында, өңеш деп аталатын алдыңғы ішекке жалғасады. Ac қорыту 
жүйесінің алдыңғы бөлігі сілекей бездерімен байланысты. Кивсяк- 
тардың үш жұп сілекей бездері бар, олардың әрқайсысы жеке тесік- 
пен ашылады: екі жұбы ауыз қуысына, үшіншісі гнатохилярияға. 
Ерінаяқтыларда эктодермальды жолмен пайда болған 3-5 жұп сілекей 
бездері болады. Олар да ауыз қуысына жеке тесіктер арқылы ашыла­
ды. Екінші жұп жақтарының түбіне ашылатын сілекей бездері насе- 
комдар личинкаларының жібек беретін бездеріне ұқсайды.
Ортаңғы ішек коректі корыту және сіңіру қызметін атқарады. 
Артқы ішегі қысқа (128-сурет).
Diplopoda класс тармағының өкілдері өсімдікқоректі және 
негізінен шіріген жапырақтарымен, өсімдік қалдықтарымен қоректе- 
неді. Ерінаяқтылар - жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі. 
Ортаңғы және артқы ішектің арасында 
ішекке бір немесе екі жұп тұйықталған ұзын Мальпиги түтігі 
жалғасқан (128-сурет). Түтік эпителиінде және оның қуысында несеп 
қышқылы жиналады, көпаяқтыларда да насекомдардағы сияқты олар 
зат алмасудың қалдық өнімі болып табылады. Мальпиги түтігімен 
қатар зәр шығару қызметін басқа да мүшелер, мысалы, лимфа бездері 
атқарады. Олар Мальпиги түтігінің немесе құрсақ қан тамырының 
немесе құрсақ нерв тізбегінің бойында орналасқан. Бұл бездер ері- 
мейтін заттарды ұстап және жинап, дене қуысында қалган қатты 
бөлшектерді сіңіреді (фагоциттейді).
Сонымен қатар, зәр шығаруға “майлы дене” деп аталатын мүше 
де қатысады. Көпаяқтылардың миксоцель қуысының көптеген жер- 
лерінде клеткалардың шоғыры кездеседі. Бұл шоғырлар жұқа арнайы 
қабатпен қапталган. Осындай шоғырлардың жинағын “майлы дене” 
деп атайды. Оның клеткаларында көптеген май тамшылары және зәр 
қышқылының конкрециясы бар. “Майлы дене” тек қор заттарын жи- 
наушы емес, сонымен қатар қалдық өнімдерді де (мысалы, зәр қыш- 
қылын) жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет