Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет3/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
КІРІСП Е
Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсім- 
діктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына 
байланысты органикалық дүниенің күрылымы хақындағы көзқарас- 
тарды қайта карауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органика- 
лык дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: 
олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мыса- 
лы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер, саңырауқұлақтар 
және жануарлар.
Жануарлар әлемі 
Zoa немесе Animalia. 
“Zoon”
грек тілінде 
жануар
деген сөз. Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің 
жалпы саны 2,5 миллионная асады, олар тірі организмдердің тіршілік 
ететін аймағының ерекше қабаты - биосферада кең тараган.
Биосфера 
грек тілінде 
“bios”
өмір және тіршілік, 
“sphaira”
(сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосферага 
литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера және атмосфера- 
ның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа 
да тірі организмдер тіршілік етеді.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, ягни қазбалардан 
табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене 
отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын 
анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын 
басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, 
кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.
Архей
биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, 
мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тір- 
шіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында
өмір сүрген тіршілік иелерінің қал- 
дықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, 
губкалардын каңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюс- 
калардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары 
табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, 
протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өкілдері өмір 
сүргенін дәлелдеуге болады.
6


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Палеозой эрасы
ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге 
бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой
ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, 
бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп 
атайды.
Кайнозой эрасы
жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге 
бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің 
заманымызбен жалғасып отыр.
Биосфераның даму кезендері геохронологиялық кестеде (1-кесте) 
келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын және 
оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталганы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет