ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ланысты. Бұл салада жануарлар паразитологиясын зерттеуде ком
плекса биологиялық қадам жасалды.
Академик Е. Н. Павловский трансмиссивті (тасымалдаушы) ауру-
дың “табиғи ошағы” теориясын ұсынып, адам мен үй жануарларының
осы аурумен күресудің ғылыми негізін жасады.
К. И. Скрябин трематодтар, цестодтар және нематодтар құрт-
тарын жан-жақты зерттеп,
көп еңбектер жазды, гельминтология ғылы-
мының дамуына үлкен үлес қосты.
В. А. Догель бір-бірімен байланысты үш салада - протистология,
экологиялық паразитология және салыстырмалы анатомия саласында
жүмыс істеді. В. А. Догельдің ең атаулы еңбектері: “Жалпы протисто
логия” (1951), “Жалпы паразитология” (1962), “Омыртқасыздардың
салыстырмалы анатомиясы” (1938). 1934 жылы “Омыртқасыздар
зоологиясы” деген оқулығы бірінші басылым ретінде басылып
шықты. В. А. Догельдің көмегімен біздің
елде балықтарды зерттеу
жұмыстары іске асты. 1930 жылы В. А. Догель Арал теңізіне экспе-
дициямен келіп, балықтарда болатын паразит құрттарды зерттеді.
1934 жылы В. А. Догель “Арал теңізі балықтарының паразиттері”
деген монографиясын шығарды. 1938 жылы Каспий теңізі балықтарын
зерттеп, “Каспий теңізінің балықтарының паразиттері” деген
монографиясын шығарды.
1941-1944 жылдары В. А. Догель Алматыда, Қазақ Мемлекеттік
университеті биология факультетінде жұмыс істеді.
Омыртқасыз
зоологиядан, жалпы паразитологиядан студенттерге лекция оқыды.
Қазақстанда ихтиологияның, ихтиопаразитологияның дамуына біраз
үлес қосты.
Республикамыздағы паразитология мен гельминтологияның
дамуына өздерінің үлестерін қосқан И. Г Галузо, Р. С. Шульц,
Е. В. Гвоздев, К. Б. Сванбаев т. б.
Зоологияның жақсы
дамыған саласының бірі
энтомология.
Энтомологияның дамуы насекомдардың практикалық және
теориялық маңызымен байланысты. Насекомдардың көпшілігі ауыл
шаруашылығының басты зиянкестері, адамға және жануарларға әр
түрлі жүқпалы ауру таратушылар болып табылады. Пайдалы түрлері
де көп. Сондықтан
насекомдарды жан-жақты зерттеу, зиянкестерге
қарсы шара қолдану әдістерін табу, энтомологияның негізгі міндеті.
Энтомологияның дамуына үлкен үлес қосқандар: Н. А. Холодковский,
А. С. Данилевский, Б. Н. Шванвич, Г Я.
Бей-Биенко, А. А. Шта-
кельберг,
А. С. Мончадский,
М. С. Гиляров,
В. В. Шевченко,
А. М. Дубицкий, П. И. Мариковский, Т. Н. Досжанов.
18
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Қай ғылым
саласы болсын оның дамуына, ғылым ретінде
танылуына зерттеу әдістері көп көмегін тигізеді. Неғұрлым жаңа
зерттеу әдісі ашылса, соғұрлым жануарлардың жаңа белгілері, түрлері
табылады. Мысалы, XX ғасырдың соңғы жылдарының ірі табыс-
тарының бірі жаңа Погонофора типінің ашылуы болды.
Зоология қазіргі уақытта тез дамып келе жатқан ғылым. Оның
табыстарын жоғалтып алмай, жануарлар дүниесін
қорғау және
гылыми негізінде ұтымды пайдалану, табигат байлықтарын көбейту
ісі әрбір адамның борышы.
Достарыңызбен бөлісу: