Қан споралылар отряды - Haemosporidia Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адам-
ның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді.
Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы
ортада емес, қан сорғыш насекомдардың яғни Anopheles туыстас
масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді
тасымалдаушылар болып табылады.
Адамда Plasmodium туысының төрт түрі паразиттік тіршілік
етеді: PI. vivax, PI. malariae, PI. falciparum, PI. ovale. Бұлардың дамуы
бір-біріне өте ұқсас. PI. vivax-тың даму сатысын қарастырайық (15-
сурет). Безгек масасы (Anopheles туысынан) адамды шаққанда
сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар
өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың
құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте ұқсас, тек коноиды
болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы
бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбеюі кезеңі басталады.
Әрбір спорозоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа
айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан
мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде
жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр клеткаларына еніп,
жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара
бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың
екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде
жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта
вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина
тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба
тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20
мерозоиттар пайда болады. Бұлар эритроциты зақымдап қанға
шығады да, жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі
қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады.
Сөйтіп шизогония бауыр клеткасында және эритроциттерде өтеді.
Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал
эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның Імм3 қанында 5 млн
эритроциттер болса, ал безгек аурумен ауырған кезде эритроциттер-
дің саны азайып Імм3 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде
мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады:
макрогамонттар немесе макрогаметоциталар пісіп-жетілмеген аналық