ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Классификациясы.
Кірпікшелі инфузориялар түрлерге өте бай,
құрылысы күрделі, кең тараған қарапайымдылар. Бұл класқа 20-дан
аса отрядтар жатады. Бұлар үш отрядтар үсті қосындысына бөлінеді.
Инфузорияларды отрядка жіктеу кірпікшелерінің құрылысына,
ауыз тесігінің, ауыз цилиатурасының мембранеллаларының,
цирраларының орналасуына байланысты.
Мембранелла дегеніміз - бір-бірімен желімдескен бірнеше қатар
кірпікшелерден құралған жұқа пластинка немесе мембрана. Цирра
дегеніміз қатар орналасқан бірнеше кірпікшенің жиынтығы, таяқша
немесе шашақ сияқты. Ауыз цилиатурасы дегеніміз - ауыз тесігінің
аймағыңда бірнеше қатар орналасқан мембранеллалары.
КИНЕТОФРАГМИНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ -
KINETOFRAGMINOPHORA
Инфузориялардың денесін қысқаша кірпікшелер түгел жауып
тұрады, тек ауыз төңірегінде ғана орналасқан кірпікшелер ұзындау.
Мембранеллалары, цирралары болмайды. Тұщы суларда кең тараған.
Бұларға үш отряд жатады.
Гимностомата отряды - Gynmostomata
Ауыз тесігі денесінің алдыңғы жағында терминальды түрде
орналасқан. Негізгі түрі Didinium nasutum.
Біркелкі кірпікшелері қатар-қатар болып орналасқан жыртқыш
инфузориялар, парамециялармен, тағы басқа қарапайымдылармен
қоректенеді. Бұл отрядқа Ноеорһгуа және Prorodon туыстары жа
тады.
Гипостомата отряды - Hypostomata
Денесі жалпақтау, ауыз тесігі денесінің бүйір жағында орна-
ласқан. Негізгі өкілі
Nassulla ornate көк-жасыл балдырлармен
қоректенеді. Chilodonella туыстары да кездеседі.
Энтодиниоморфа отряды - Entodiniomorpha
Бұларға офриосколецида
Ophryoscolecidae тұқымдастары
жатады. Бұлар күйіс қайыратын сүтқоректілерде мекендейді, олар-
дың таз қарынында, қатпаршақтарында тіршілік етеді. Мысалы:
қарындағы Ісм3 қоректік заттардың ішінде 2 млн-ға дейін офриоско-
лецидалар болады. Энтодиниоморфалардың денесінде көптеген
өсінділер және жиырылу тақталары болады.
66