ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
23-cypem.
Дөңгелек кірпікшелілер (Peritricha):
A - Pyxidiuni ventriosa - жеке өмір сүретін; Б - Carchesium polypinum - колониясы;
В - Campanella umbellaria -колонияның бір бөлігі:
1 - мембранелла, 2 - макронуклеус
Spirostomum ambiguum-ның ұзындығы 2
мм-ге дейін жетеді,
денесі ұзын, соған сәйкес ұзынша келген макронуклеус және бірнеше
майда микронуклеустер болады. Жиырылғыш вакуолі дененің артқы
жағында орналасқан.
Balantidium соіі адамның тоқішегінде
тіршілік ететін өте қауіпті
паразит. Ұзындығы 50-80 мкм, жалпақтығы 40-60 мкм. Балантидия
циста күйінде ішектен сыртқа шығады. Цистаны жұту арқылы адам
балантидиоз деген ауруға шалдығады.
Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Негізгі өкілінің
стилонихия
Stylonichia mytilus-тың кірпікшелері көп жағдайда
қылтандарға және цирраларға айналған.
Цирра тобы бауыр жағында
69
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
орналасқан, осылар арқылы инфузория судың түбінде жылжып
жүреді. Мембранеллалары денесінің
алдыңғы және бауыр жағында
орналасқан (24-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: