Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 35-cypem



Pdf көрінісі
бет55/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   250
99


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
35-cypem .
Гидра: I - сыртқы көрінісі; II - ұзына бойы кесіндісі; III - көлденең кесіндісі;
IV - дене қабырғасының бір бөлігі; V - эпителиальды-бұлшықет клеткасы;
1 - эктодерма, 2 - энтодерма, 3 - мезоглея, 4 - ішек (гастральды) қуысы, 5 - эктодер- 
мальды эпителиальды-бүлшықет клеткалары, 6 - интерстициальды клеткалары,
7 - атқыш клеткасы, 8 - нерв клеткасы, 9 - энтодермальды эпителиальды-бұлшықет 
клеткасы, 10 - без клеткасы, 11 - ауыз тесігі, 12 - ауыз конусы, 13 - бүршік, 14 - табан,
15 - аналық клетка (жүмыртқа), 16 - аталық гонада, 17 - қармалауышы
сыртында қылтанақ тәрізді 
книдоциль деп аталатын сезгіш тал- 
шығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. Егер сезгіш тал- 
шыққа бір организм тиіп кетсе, онда ол ауыткып, клетканы козды- 
рады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып денеге 
шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе 
улы сұйық затта қоса бүркіледі.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бір- 
неше түрі кездеседі. Пенетранттар капсуласы ірі, атқыш жіпшесін 
жауының немесе қорегінің денесіне сұгып жіберіп, улы заттарымен 
оны жансыздандырады. Вольвенттер 
капсуласы ұсақ, атқыш жіп-
100


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
шесі қысқалау, қорегін жіпшемен шырмап алады. Глютинанттар - 
капсуласы созылыңқы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқак, өз қорегіне 
кілегейленіп қалады. Осындай құрылысты атқыш клеткалар қорғаныс 
және қорегін аулау қызметін атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе 
қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып 
орналасады.
Жыныс клеткалары аралық (интерстициальды) клеткалардан 
қалыптасып, аталық клеткалары сперматозоидтары ауыз полюсіне, 
ал аналық жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар 
дара және кос (гермафродиттер) жыныстылар.
Гидраның эпителиальды 
бұлшықет клеткаларының астында 
жұлдыз пішінді нерв клеткалары (нейрондар) жатады. Олар өздерінің 
тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасып нерв торын түзеді. 
Осындай құрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. 
Гидраларда екі нерв шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында 
және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.
Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды 
қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі 
клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бұлшықет, талшықты және без 
клеткалары. Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы 
эктодерма қабатындағы эпителиальды-бүлшықет клеткаларына ұқсас, 
тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең 
орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп 
созылады. Эпителиальды- бұлшықет клеткаларының призмалық 
немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған 
аяқтарының немесе 2-3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына 
түскен ұсақ жәндіктерді ұстап, клетканың ішінде қорытады.
Гастральдык қуысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балық- 
тардың шабағы) энтодерманың безді клеткаларынан бөлініп шыққан 
ас қорыту сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар 
ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраның 
ас қорытуы клетка ішілік және клеткадан тыс немесе қуыс ішілік 
болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль 
немесе ішек қуысы деп аталады.
Эктодерма және энтодерма қабатында орналасқан эпителиальды- 
бұлшықет өскіншелерінің жиырылуына байланысты гидра бір 
қалыпты қадам басу немесе тоңқалаң асу жолымен қозғалады.
Губкаларда сияқты, гидраларда да регенерациялық қабілеттілігі 
күшті дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет