ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
аймағында, Австралия, Океания және
Индонезия аралдарында кең
тараған. Олар әр түрлі көркем түсті болып келеді және арасында
сол рифтің түсіндей әсем түсті көп түрлі жануарлар (балықтар, тікен-
терілілер, моллюскалар, шаянтәрізділер, көпқылтанды қүрттар) және
балдырлар тіршілік етіп, өзгеше рифтік биоценозын қүрайды. Бір
организмдер рифті жауынан жасырыну немесе қоректену ретінде
қолданады, басқалары рифтің түзілуіне қатысады.
Рифтер негізінен - жағалық, бөгеттік (барьерлік) және атолл болып
қалыптасады.
Жағалық рифтер судың жиегінде, барьерлік
жағалауларға параллель, бірақ едәуір қашықтықта су ішінде орна-
ласады. Австралияның шығыс жағындағы барьерлік рифтің ұзындығы
1400 км-ге созылады. Рифтер негізінен тірі және өлі полиптердің
қаңқаларынан түзіледі.
Атолл сақина пішінді маржанды арал,
теңіз бетінен аздап көте-
рілген дөңгелек төбешік, ортасында теңіз суына толы айдыны (лагуна)
болады. Оның беткі қабаттарында көп жағдайда су толқынымен және
желмен әкелінген өсімдік тұқымдары өніп гүлді аралға айналады.
Барьерлі рифтердің және атоллдардың қалыптасуы жөнінде
көптеген жорамалдар бар. Солардың ішінде
Чарльз Дарвиннің
теориясы. Ч. Дарвин “Бигль” кемесінде жасаған өзінің әйгілі саяхаты
кезінде рифтерге бақылаулар жүргізіп, сол жөнінде көп материалдар
жинап, мынадай нәтижеге келген: “Жағалық
рифтер орналасқан
аралдың теңіз түбі, жер қыртысының құбылыстарына байланысты,
Достарыңызбен бөлісу: