Сабақ мақсаты Жынысты және жыныссыз көбею формаларын ажырата алу



бет1/4
Дата25.09.2024
өлшемі88,44 Kb.
#145720
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1-сабақ. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі


Тарау 7.4.С: Көбею

Нұр-Сұлтан қаласы
Мектеп: №24 орта мектеп

Күні:

Мұғалім: Жумагулова М.А

Сынып: 7

Қатыспағандар:

Қатысқандар :

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

  • Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (жаңа тақырыпты меңгеру)

Сабақ мақсаты

  • Жынысты және жыныссыз көбею формаларын ажырата алу

  • Әр түрлі өсімдіктер мысалында өсімдіктердің көбею түрлерін зерттеу

Бағалау критерий

Көбею түрлері және жыныссыз көбею әдістері туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Жынысты көбею жыныссыз көбеюден қалай ажыратылатынын салыстырады, қорытынды жасайды. Жынысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Жыныссыз көбею түрін анықтайды, жыныссыз көбейетін 5 өсімдікті мысалға келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
• Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерін салыстыру жолымен көмекші сөздерді пайдаланып (мысалы, бірақ, болғанда) өз түсініктерін қорытындылау.


Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:
Жынысты көбеюде ... қатысады
Жыныссыз көбеюде ... қатысады
Жынысты көбею нәтижесінде ... ұқсайтын ағзалар дүниеге келеді
Жыныссыз көбею нәтижесінде ... ұқсайтын жаңа ағза пайда болады
Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ... ажыратылады

Құндылықтарды дамыту

Топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы оқушыларды бірлесіп жұмыс жасуға дағдыландыру. Негізгі түсініктерді талдау кезінде сыныптасының пікірімен санасу, бір-бірінің пікірін құрметтеу. Бірге жұмыс істеу мен жоспарлау кезінде өзара коллаборативтік ортаны сақтауына көңіл бөлу. Тақырыпқа қатысты табиғаттағы өсімдіктердің көбеюі мен дамуының, биобалансты сақтаудағы маңызын Жалпы ұлттық идея «Мәңгілік ел» идеясымен байланыстыра дамыту.

Пән аралық байланыстар

География пәнімен байланыс экологиялық қорғау шараларын түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығымен байланысты болғандықтан, агронмиямен байланыстыруға болады.

АҚТ қолдану

Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері интернет мәліметін қолдану, таныстырылым дайындау кезінде қолдануға болады

Алдыңғы білім

Ботаника 6,7. Тірі ағзалардың көбеюі : 6,7.
Оқушылар көбеюдің барлық тірі ағзаларға тән қасиет екендігін және жыныс жасушаларының бар екендігін біледі. «Жасушалық цикл» бөлімінен түрлі ағзаларда хромосомалар санының әртүрлі екендігі белгілі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет