Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет109/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Қ олдануы:созылмалы, жұқпалы тері ауруларында: экзема, аллергиялық дерматит, тері күйгенде, үсігенде, дымқыл жараларда
Преднизолон (Медопред, Преднизол) – Prednisolonum; шығу түрі: табл.0,001; 0,005 N50, 1 табл күніне 3-4 рет, бірте-бірте мөлшерін төмендету қажет, ампула 3% - 1 мл, N5, б/е 1 мл күніне 1 рет, көзге тамшы 0,3% - 5 мл, 1 тамш. күніне 3 рет, жақпа май 0, 5% - 10,0
жарақаттанған жерге жағу күніне 2-3 рет.
Қолдануы: .Бүйрек үсті безінің кемшілігінде (Аддиссон ауруында), дәнекер ұлпалар зақымданғанда (коллагеноздарда).
буын ауруларында, ревматизмде, демікпеде, лейкозда, бауыр, бүйрек ауруларында, тері ауруларында, аллергиялық реакция, (анафилактикалық шок), көз ауруларында
Жағымсыз әсері: ісік, гипергликемия, асқазан, ұлтабар жараларының, жұқпалы аурулардың асқынуын, сүйек ыдырауын туғызады, қан қысымын жоғарлатады, май алмасуын бұзады және лимфопения, туғызады
Қарсы көрсеткіштері: гипертония ауруының ауыр түрлерінде, қант диабетінде, жүкті әйелдерге, асқазан және ұлтабар жараларында, психикалық ауруларда қолдануға болмайды.
Глюкокортикоидтарды жие қолдағаннан кейін тез тоқтатса, «тоқтату синдромы туады» - бүйрек үсті бездердің кемшіліктерін білдіреді, сондықтан бірте-бірте мөлшерін төмендету қажет
М етипред (Metipred) - глюкокортикостероид гормондар тобына жатады, құрамында негізгі дәрілік зат метилпреднизолон.
Шығу түрі: 1 таблеткада, құрамында 4 немесе 16мг дәрілік зат (метилпреднизолон) бар N30, 100. Флакон ұнтақ 250 мг, қолданр алдында 4мл инъекция суына ерітіп б/е күніне 1 рет, флакон депо-суспензия 1мл./40 мг
Қолдануы: ревматоидты артритте, аутоимунды ауруларда, аллергиялық реакцияда, анафилактикалық шоқта, демікпеде.
Қолдану тәсілі: ересектерге 4-12мг препаратты 1 рет күніне, ал
40-120мг препаратты (1-3мл депо-суспензияны) б/е 7-28 күнде 1 рет еңгізеді, ал буын ішіне 4-80мг препаратты (0,1-2мл депо-суспензияны) 7-35 күнде 1 рет.
Жағымсыз әсері; жүрек айну, ас қорытудың бұзылуы және шырыш қабатының ойық, жара болуы, шаршау, қан қысымы көтерілуі, салмақтың жоғарлауы, көз қысымының жоғарлауы, остеопороз болуы мүмкін.
Дексаметазон (Дексазон) – Dexamethasonum; шығу түрі: табл.0,0005; 0,004 N50, 1 табл күніне 2-3рет, тамақтан кейін, ампула 0,4% - 1 мл, N5, б/е 1 мл күніне 1 рет, көзге тамшы ( офтан) 0,1% - 5 мл, 1 тамш. күніне 3 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет