Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет32/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Ж ағымсыз әсері: аллергиялық реакция, жүрек айниды, тәбет төмендейді, қан азаяды, асқазан күйеді.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан, 12 елі ішек жарасында, қансырағанда, бауыр ауруында, жүктілікте.
«Аспирин С», «Аспирин Упса», «Тромбо АСС», «Алгомин», «Алкаприм». препараттардың құрамына кіреді
Пиразолон туындылары
Салицилаттардан әсері күшті, ауруды басатын, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы әсерлері бар. Құнды әсері қабыну медиаторын тежеп, қабынуды төмендетеді, ауру сезімін басады.
А нальгин – Analginum «Б» тізімі
Шығу түрі: таблетка 0,5 N10 1 таблетка күніне 2-3 рет қолданады, ампула 25 %, 50% - 2 мл б/е күніне 2 рет енгізеді.
«Пенталгин» «Баралгин», «Темпалгин», «Седалгин», «Андипал», «Кофальгин» препараттардың құрамына кіреді.


«Бутадион» - «Butadionum»
Шығу түрі: таблетка 0,15 N10,1 таблетка 4-6 рет тамақтан кейін қолданады және 20,0 жақпа май теріге жағу үшін күніне 2-3 рет.
Қолдануы: буын ауруларында (полиартрит), ревматизмді емдеуге қолданады.
Жағымсыз әсері; жүрек айниды, асқазан тұсы аурады, тері бөртеді, қанның құрамын өзгертеді, гематурия (зәрде қанның болуы мүмкін).
Қарсы көрсеткіштері: асқазан, 12 елі ішек жараларында, бауыр, бүйрек қан ауруларында.


И ндол туындылары
Индометацин – Indomatacinum
Шығу түрі: қабық 0,025 N30 1 қабықтан күніне 2-3 рет, жақпа май 10% - 40,0 жағу үшін күніне 2 рет, балауыз 0,05 N10 күніне 1-2 рет.
Фармакологиялық әсері: простогландин синтезін және лейкоциттердің қабыну аймағына қарай жиналуын тежейді, сондықтан қабынуға қарсы, ауруды басатын, қызуды төмендететін әсерлері бар.
Қолдануы: буын, ревматизм ауруларында, невралгия, падагра, миозитте, геморройда.
Жағымсыз әсері; бас аурады, айналады, локсу, құсу, тәбеті жойылады, қарын жарасынан қан ағу, аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан, 12 елі ішек жараларында, бауыр, бүйрек, қан ауруларында.,Жүкті және бала емізетін әйелдерге берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет