Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер 2 топқа бөлінеді:
1. Сезімтал нерв ұшының қозуына кедергі жасайтын дәрілер.
а) жергілікті анестезиялық дәрілер
б) тұтастырғыш дәрілер
в) іркілдек дәрілер
г) сіңіргіш дәрілер
2. Сезімтал нерв ұштарын қоздыратын дәрілер
Тітіркендіргіш дәрілер
Жергілікті анестезияға қолданатын дәрілер Бұл дәрілер уақытша сезімтал нерв ұштарын кедергі жасайды, бірінші ауру туғызатын рецепторларды, содан дәм беретін, қызу көтеретін, иіс сезу қоздырғыштарына кедергі жасайды. Анестезия деген сөз – сезімталдықты жоғалту деген мағына береді.
Анестезияның түрлері: Жоғарғы анестезия, бұл шырышты қабаттың анестезиясы (көздің, мұрынның, тамақтың), тамызғанда, жаққанда сол жердің сезімтал қабілеті жойылады
Инфильтрациялық анестезия – дәрілер ерітіндісі көп мөлшерде тері астына, бұлшықетке қабат-қабат жіберіледі (хирургияда кең қолданылады)
Жұлын қабының анестезиясы – жұлын қабатының арасына жіберіледі, аяққа, жамбас органдарына операция жасағанда қолданады.
Анестетик дәрілерге қоятын талаптар: - анестетикалық белсенділігі жоғары болу керек
- әсер ететін ағзаларды тітіркендірмеу керек
- әсері ұзаққа созылатын болу керек
- уландырғыш қасиеті өте төмен болу керек
- залалсыздырғанда бұзылмауы
- барлық анестезияның түрінде қолдануы
Жергілікті анестиязада қолданатын препараттар Новокаин – Novocainum, шығу түрі:амп 0,5% - 5-10 мл N10 инфильтрациялық анестезия үшін,
амп 1%, 2% - 2; 5 мл N10 өткізгіш анестезия үшін, флакон 0,5%-400 мл. залалсызданған ерітінді инфильтрациялық анестезияда қолданады. “Меновазин” препаратының құрамына кіреді, шығу түрі флакон 40 мл, невралгияда, буын, бұлшықет ауруларында – ауырған жерге ысқылап жағады күніне 2-3 рет.