Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Актал - Aсtal, шығу түрі:таб 0,36 N12, 1 таб күніне 4 рет, суспензия 1 ас қасықпен 4-6 рет. Гастал -



бет66/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Актал - Aсtal, шығу түрі:таб 0,36 N12, 1 таб күніне 4 рет, суспензия 1 ас қасықпен 4-6 рет.
Гастал - Gastal, шығу түрі: таб N20, 1 таб күніне 4 рет тамақтан кейін
Қолданылуы: асқазан, 12 елі ішек жарасында, жедел, созылмалы гиперацидті гастритте
Ұйқы безі секрециясының әсері бұзылғанда қолданылатын дәрілер
Ұйқы безінің сөлінде ферменттер көп, ұлтабарға түсіп ас қорытуға қатысады, ұйқы безінің секрециясының жұмысы бұзылғанда панкреатит ауруы пайда болады.
Созылмалы панкреатитте ұйқы бездерінің сөлі аз бөлініп, ас қорытуға қатысатын ферменттер азаяды, сондықтан алмастыру терапиясының дәрілерін қолданады.
Панкреатин – Pancreatinum (Креон), шығу түрі: таб 0,25 ЕД N60 1 таб. күніне 3 рет тамақ алдында, н\е тамақпен бірге.
Ферменттік препарат, ас қорыту процессін жақсартады, қалыптастырады.
Қолданылуы: ахилия, панкреатитте, ас қорыту бұзылғанда гипацитті гастритте, бауыр ауруларында.
Мезим форте(креон, панкреатин) - Mezym-forte, шығу түрі: домалақ N20, 1 домалақтан күніне 3 рет, тамақтан бұрын, н\е тамақпен бірге.
Фестал - Festal, шығу түрі: домалақ N20, 1 домалақтан күніне 3 рет, тамақтан бұрын
Панзинорм форте - Panzynorm forte, шығу түрі: табл.N20, 1 табл.күніне 3 рет, тамақтан бұрын, н\е тамақпен бірге.
Қолданылуы: созылмалы гастрит, панкреатит, асқазан сөлі төмендегенде, гепатит, холецистит.
Дигестал- Digestal; шығу түрі: домалақ N30, 1 домалақтан күніне 3 рет, тамақтан бұрын,
н\е тамақпен бірге


Жедел (острый) панкреатитте қолданатын препараттар
Панкреатиттің жедел түрінде ұйқы безін өз ұлпалары өндіреді, сол себебтен трипсин ұйқы безінің жасушаларын бұзады(өзін-өзі қорыту процесі болады) – панкреатиттің жедел түріне әкеледі, сондықтан антиферменттік және антацид препараттарын қолданады.
К онтрикал (трасилол, апротинин) – Contrycalum (Trasilolum); шығу түрі: флакон құрғақ зат 10 000, 30 000; 50 000ЕД N5 ж\е 2 мл еріткіш, қолданар алдында флаконды еріткішке ерітіп, көк тамырға жаймен, 20 000-30 000 ЕД еңгізеді
Қолданылуы: жедел панкреатитте, ұйқы безінің некрозында, қансырауында.
Пантрипин - шығу түрі: флакон құрғақ зат 6, 12, 15, 20, 30 ЕД ж\е 10 мл еріткіш, қолданар алдында флаконды еріткішке ерітіп, көк тамырға жаймен, 20 -30 ЕД еңгізеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет