Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Х орионикалық гонадотропин – Gonadotropinum chorionicum



бет98/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   153
Х орионикалық гонадотропин – Gonadotropinum chorionicum; шығу түрі: флакон 500 ЕД; 1000 ЕД; 15000 ЕД (еріткішпен бірге) N3, қолданар алдында флаконды еріткішке ерітіп б/е 500-3000 ЕД аптасына 1-2 рет.
Қолдануы: әйелдерде жыныс гормондарының өнуінің кемшіліктерінде, бедеулікте, еттекір циклының бұзылғанда, ерлерде жыныс гормондарының өнуінің кемшіліктерінде.
М енопаузалық гонадотропин – Gonadotropinum menopausticum; шығу түрі: флакон 75 ЕД; (еріткішпен бірге) N5, қолданар алдында флаконды еріткішке ерітіп б/е 75 ЕД күніне 1 рет.
Қолдануы: әйелдерде жыныс гормондарының өнуінің кемшіліктерінде, ерлерде жыныс гормондарының өнуінің кемшіліктерінде, бедеулікте.
Лактин инъекция үшін – Lactinum pro injectionibus; шығу түрі: флакон 100 ЕД; 200 ЕД (еріткішпен бірге) N5, қолданар алдында флаконды еріткішке ерітіп б/е 70-100 ЕД күніне
1-2 рет.
Қолдануы: Емізу кезінде, емшек сүтінің өніуін көбейтеді (сүт аз болғанда беріледі)
Адренокортикотропты гормон (АКТГ) - Кортикотропин инъекция үшін - Corticotropinum pro injectionibus; шығу түрі: флакон 10 ЕД; 20 ЕД; 30; 40 ЕД (еріткішпен бірге) N10, қолданар алдында флаконды еріткішке ерітіп б/е 10-20 ЕД күніне 3-4 рет.
Қолдануы: гипофиздің функциясының бұзылуынан болған бүйрек үсті безінің кемшіліктерінде, глюкокортикоидтармен емдеу терапиясы аяқталғанда «токтату синдромы» болғызбау үшін қолданады.
Адам соматотропині инъекция үшін – Somatotropinum humanus pro injectionibus;
шығу түрі: флакон 5 мл, 2 ж/е 4 ЕД; N6, қолданар алдында флаконды 2 мл инъекция арналған суға ерітіп б/е 2 мл аптасына 2-3 рет.
Қолдануы: зат алмасуды реттейді, өсу гормоны, адамның өсуін қалыптастырады
Гипофиздің артқы бөлігінің гормон препараттары
Гипофиздің артқы бөлігі 2 гормон бөледі:
Окситоцин және вазопрессин (антидиуретикалық гормон), босану кезінде жатырдың ритмикалық жиырылуын күшейтеді және босанғаннан кейін емшектен сүт бөлінуін қамтамасыз етеді.
В азопрессин қан тамырларының және асқазан-ішектің тегіс бұлшық еттерінің тонусын күшейтеді (сол себептен қан қысымын күшейтеді), бүйрек түтікшелерінде судың қайта сіңуін күшейтеді, ал вазопрессиннің тапшылығында несеп бөліну күшейеді (тәулігіне 10-20 л несеп), адам арықтап,бұлшық еттің әлсіздігі пайда болады, бұл ауру «қантсыз диабет» деп аталады. Қазіргі кезде окситоцин, вазопрессин синтетикалық жолмен алынады, медицинада окситоцин, питуитрин препараттарын қолданады. Окситоцин акушер практикасында толғақтың әлсіздігінде және босанғаннан кейін болатын жатыр қансырауында қолданады. Питуитрин препаратының құрамында 2 гормон бар: окситоцин және вазопрессин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет