Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар Бақылау сұрақтары
1. Антисептиктер деген не, сыныпталуы?
2. Бактерецидтік және бактериастатикалық әсердің айырмашылығы неде?
3. Галогендер тобына қандай препараттар жатады, олар қаандай жағдайда қолданады?
4. Қандай антисептиктер науқастың күтіміне, қажетті заттарды тазалауға қолданады?
5 Қандай антисептиктер жараны жууға қолданады?
6. Тотығыш антисептиктердің әсер ету механизмі?
7. Этил спирті қандай топқа жатады, қандай жағдайда қолданады?
8. Ихтиол препаратының әсері қандай, шыгу түрі?
9. Қандай антисептиктер көз ауруларында қолданады?
10.Бояғыш тобына қандай препараттар жатады?
11. Ауыр металл тұздарына қандай препараттар жатады
12. Қандай жағдайда фурацилин препаратын қолданады?
Антибиотиктер'>Химиотерапиялық дәрілер. Антибиотиктер Химиотерапиялық дәрілер көбіне жұқпалы және паразиттік ауру қоздырушы микробтарға әсер етеді, антисептиктерден айырмашылығы:
а) уландыру қасиеттері төмен
б) химиотерапиялық дәрілер арнайы микробтарға әсер етеді
Химиотерапиялық дәрілер ағзаға әсер етуіне байланысты былай бөлінеді:
бактерияларға қарсы
Химиялық құрамына ,алу жолдарына байланысты химиотерапиялық дәрілер бөлінеді: 1) антибиотиктер
2) сульфаниламид препараттары
нитрофуран, 8 оксихинолин туындылары және т.б.
Біз тұратын әлемде 20 мыңнан астам түрлі микробтар кездеседі, адам денсаулығына байланысты микробтарды шартты үш бөлімге бөлуге болады:
Патогендік микробтар - әр-түрлі жұқпалы ауру туғызады (стафилококтар, туберкулез таяқшалары).
Шартты патогендік микробтар – қалыпты жағдайда ауру туғызбайды (ішек таяқшалары).
Пайдалы микробтар – адам ағзасында өмір сүреді, пайда келтіреді (бифидум, ішек таяқшаларының лакто бактериялары).
Патогендік микробтар грам + - әр-түрлі коктар, көбінесе жоғары тыныс алу жолдарында, ылғалды шырыш қабаттарда, теріде кездеседі, грам - әр-түрлі таяқшалар, вибриондар, көбінесе ішекте, жыныс, зәр шығару жолдарында кездеседі.
Антибиотиктер Микробтардан, өсімдіктерден, жануарлардан, шикі заттардан және синтетикалық жолмен алуға болатын химиотерапиялық заттар, антибиотиктердің микробтарға әсері өте күшті және микробтардың өзінен дамиды. Антибиотиктерді микробтардан алғанда оның негізіне микробтар арасындағы антибиоз құбылысы алынған. Антибиоз дегеніміз әр түрлі микробтардың арасындағы антогонизм құбылысы.
Антибиотиктер микробтарға 2 түрлі әсер етеді:
а) бактерицидтік әсер – микробтардың өсіп-өнуін тоқтатып жою
б) бактериастатикалық әсер – микробтарды жоймай өсіп-өнуін тоқтату
Антибиотиктер қауіпсіз, әсері кең болуы керек