Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Кіріспе. Фармакология тарихынан қыскаша очерк



бет2/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Кіріспе. Фармакология тарихынан қыскаша очерк

Дәрілер туралы ілім ерте замандағы медициналық ғылым болып табылады. Өсімдіктерді азыққа пайдалану барасында адамдар өсімдіктердің қасиетімен және емдік қасиеттерімен біртіндеп танысты. Алғашқы дәрілер өсімдік тұқымдастардан болғанын, ерте замандағы жазулар айғақтайды. Ежелгі Грецияда Гиппократ (б.з.д.ІІІ ғ.) аурыларды емдеуге әр түрлі дәрілік өсімдіктерді қолданғаны белгілі. Сонда ол өнделмеген тұтас өсімдіктерді қолдануды ұсынған, бүл жағдайда ол өзінің емдік қасиеттерін сақтайды деп санаған. Кейінірек медицина кызметкерлері қажетсіз, балластық заттардан бөліп алуға болатын дәрілік



К. Гален (б. д. ІІ ғ) Әбу Әли Ибн(б.д.XI ғ.) Н.И. Пирогов

өсімдіктердің әсер беретін бастаулары болады деген тұжырымға келген. Б:з. ІІ ғ. Рим дәрігері Клавдий Гален дәрілік өсімдіктерден алған әр бір созбаны кең қолданды. Өсімдіктерден осы бастауларды алу үшін ол шарап пен сірке суын қолданды, дәрілік өсімдіктерден спирттегі созбаны осы күндеріде қолданады. Ол – тұнблар мен сығындылар Гален есіміне сәйкес оларды «гален препараттары» деп атайды. Өсімдік тұқымдас дәрілік құралдардың үлкен саны орта ғасырлық тәжік дәрігері Әбу Әли Ибн Сина (Авицена, б.з.XI ғ.) шығармаларында айтылады, кейбіреулері қазіргі кезде де қолданады: камфора, мендуана препараты, александрия жапырағы, қастауыш және т.б.


Б.з. X-XI ғ. өсімдік тектес дәрілер туралы қол жазба нұсқамалары алғаш Ресейде дүниеге келді, онда өсімдік тектес дәрілік заттар туралы сипаттамалар болды., ХVIII ғ.басында дәрілік өсімдіктерді еркін сатуға тиым салынған. І Петр үкімі бойынша дәрілік өсімдіктерді тек кана дәріханада сатуға рұңсат етілген. Органикалық емес заттарды алғаш рет медицина тәжірибесінде Парацельс (ХV-XVI ғ.) қолданады, медицинаға көптегн органикалық емес дәрілік құралдарды: темір, сынап, қорғасын, күкүрт, мышьяк қосындыларын еңгізілген.
Дәрінің көлемді мөлшермен беруге бас тарткан ғалым Ганеман (1755-1843 ж.) болған, ол көлемді мөлшермен емделген науқастар сирек жазылатына назар аударған, сондықтан дәрінің мөлшерін азайтуды ұсынған. Алғашқы фармакологиялық эксперименттерді физиологтар жасаған, орыс клиницистері: атакты хирург Н.И. Пирогов, А.М. Филомафитовский алғашқы – есірткі препараттары: эфир және хлороформ әсерін жануарларға эксперимент арқылы зерттеді.1879-1890 ж. Орыс физиологы И.П. Павлов бүкіл әлемге фармаколог ретінде белгілі болды, зертханасында көптеген эксперимент зерттелген. Н.П. Кравковта атақты фармаколог болған, ол өзінің ерекше дарындылығы арқасында фармакологияның болашақ бағыттарын дамытқан. Ол алғашқылардың бірі болып дәрілік заттар әсерінің химиялық құрамын, мөлшерін, ағза жағдайына тәуелділігін зерттеген, фармакология жетістіктерінің клиникаға енуіне назар аударған.
Қазіргі таңда фармакологияның дамуы ғылыми зерттеу институттарында, фармакология кафедраларында ғылыми зерттеу жұмыстарымен, сондайақ фармацевтік өндірістің дамуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет