Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет37/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Ж ағымсыз әсері: ұйқышылдық, бұлшық ет босайды, бас айналады, жүрек айниды, емдеу мерзімі 2 айдан аспау керек, өйткені психикалық тәуелділік пайда болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: бүйрек, бауыр ауруларында, жүктілікте, автотранспорт жүргізушілерге, жылдам психикалық, физикалық әсерленісті талап ететін жұмысты атқаратын адамдарға беруге болмайды. арақ әсерін күшейтеді.
Феназепам - Phenazepam, шығу түрі: - таблетка 0,0005, 0,001 N 20 1 табл. күніне 2-3 рет,
Элениум (хлордиазепоксид) – Elenium, , шығу түрі: таблетка 0,005, 0,001 N20 1табл. күніне 2-3 рет, ампула 2 мл б/е, күніне 1-2 рет қолданады.
Оксазепам ( нозепам, тазепам) – Oxazepam, Nozepam, шығу түрі: таблетка 0,01, 0,015, 0.03 N20 1табл. күніне 2-3 рет,
Алпразалам, Ксанакс –Alprazalam, Xanax, шығу түрі: таблетка 0,001, 0,025, 0.05 N20 1табл. күніне 2-3 рет,
Тыныштандыратын дәрілер (седативтік)
Орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, мидағы нерв процесстерінің күші мен қимылына әсер етеді, ұйықтататын әсері жоқ, бірақ ұйқыны қалыптастырады. Орталық жүйке жүесін тежеу үдірісін күшейтеді, олар шамадан тыс ашуландықты басады, көңіл күйді жақсартады, тыныштандыратын әсері транквилизаторлардан төмен.
Валокордин (корвалол) – Valocordinum, шығу түрі: флакон 20 мл, 15-20 тамшыдан күніне 3 рет, тахикардия, қан тамырлар спазмасында 30-40 тамшы қолданады.
Әсері: тыныштандырады, рефлекторлық жолмен қан тамырларын кеңейтеді, қысымдарды басады.
Қолдануы: неврозда, жүрек жұмысы бұзылғанда, тахикардияда, ішек спзмаларында, тынышсызданғанда
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция болуы мүмкін, жеңіл бас айналу, ұйқы басады.
Валериан тұндырмасы – Tinctura Valeriana, шығу түрі - флакон 25 мл, 15-20 тамшыдан күніне 2- 3 рет қолданылады,Tab. Extracti Valerianae - табл. 0,02 N30 1 таб.күніне 2-3 рет
Қолдануы: - неврозда, жүрек жүйесі невроздарында, ас қорыту жүйесі спазмасында, ұйқы бұзылғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет