Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


I топ. Мембрананы қалыптастыратын



бет76/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

I топ. Мембрананы қалыптастыратын
Жүрек қабатынан Na+, Ca+, K+, Cl- иондарының тасмалдауын бұзады, сондықтан жүрек жұмысы өзгереді: жүректің қоздыру, өткізу, автоматизмі төмендейді, жұмысы қалыптасады.
Хинидин сульфат - Сhinidini sulfas–«Б»; шығу түрі табл 0,1; 0,2 г. N 20 1 табл 4 рет күніне, аритмия түрлерінде қолданады.
Н овокаинамид –Novocainamidum «Б» - шығу түрі табл 0,25; 0,5 N 20 1 табл. күніне 3-4 рет, ампула 10 %-5 мл. N 10 тамырға жаймен .
Қолдануы: аритмияның әр түрлерінде, жүрек бұлшық етінің өткізгіштігін төмендетеді, жергілікті анестезиялық әсері бар.
Қарсы көрсеткіштері: жүректің өткізгіш қасиеті төмендегенде, препарат жақпағанда.
Аймалин – Ajmаlinum «Б» - рауфольфия өсімдігінің алкалоиды, аритмияға қарсы қолданады.
Шығу түрі: таблетка 0,05 N 100 1 табл. күніне 3 рет, ампула 2,5% - 2 мл N 10, тамырға глюкоза ерітіндісімен.
Жағымсыз әсерлері: әлсіздік, жүрек айниды, қан қысымы төмендейді, аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: жүрек өткізгіш жүйесінің ауыр жағдайларында.
Этмозин - Aethmozinum - шығу түрі таблетка 0,1 N 100, 1 табл. күніне 3 рет, ампула 2,5% - 2мл N 10 тамырға, 5% глюкоза ерітіндісімен.
Ә р түрлі аритмияда қолданады, әсіресе жүрекке қолданатын гликозидтермен уланғанда болатын аритмияда.
Лидокаин гидрохлорид – Lidocainum hydrochloridum : шығу түрі ампула -10% -2 мл N 10, 200-400мг. дозада бұлшықетке 1 рет
Қолдануы: жергілікті анестетик, аритмияға қарсы, жедел инфаркт миокардта,
Жағымсыз әсері: бас аурады, айналады, ұйқы басады, қан қысымы төмендейді
Қарсы көрсеткіштері: егер препарат жақпағанда, гипотопия, брадикардияда қолданбайды


II топ. β - адреноблокаторлар
β – адреноблокаторлар, адренергілік импульстың жүрекке әсерін төмендетеді, бұл топтың препараттары Na+ тасмалдауын азайтып, К+ тасмалдауын көбейтіп жүректің өткізгіш қабілетін жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет