Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Г инипрал (гексопреналин) – Ginipral



бет91/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Г инипрал (гексопреналин) – Ginipral; шығу түрі: табл. 0,5 мг,3 сағ. сайын, амп. 2 мл N5, венаға, глюкоза ерітіңдісімен еңгізіледі
Қолданылуы: мезгілсіз толғақта, нәрестенің тұншығуында (асфиксиясында)
Препараттар: Ритодрин, прегестерон, прегнин.


Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтары

1. Диуретиктер қандай топқа жіктеледі?


2. Диуретиктер негізінен қандай мақсатпен қолданады?
3. Ағзада ісіктер қалай пайда болады?
4. Улану кезінде диуретиктер не үшін қолданады?
5 Тиазидтердің диуретикалық әсер ету механизмі?
6. Қандай диуретиктер гипокалиемия туғызады?
7. Калий сақтағыш диуретиктерге қандай препараттар жатады?
8. Өсімдіктен алынған препараттар, диуретик әсері бар?
9. Миомитрийге әсер ететін дәрілердің жіктелуі?
10. Жатырдың жиырылу тонусын күшейтетін дәрілерге қандай препарат жатады?
11.Фуросемид, верошпирон, цистон, окситоцин, туринал препараттарына рецепт жазу?
12. Қастауыш препараттарын неге жүктілік кезінде қолдануға болмайды?

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер


Қан екі бөліктен тұрады: бірінші сұйық бөлігі сарысу (плазма) және формалық элементтерге: эритроциттер (қызыл қан түйіршіктері), лейкоциттер (ақ қан түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады, эритроциттердің негізгі қызметі оттегін өкпеден ағзаларға, ұлпа жасушаларына апарады. Бұл мүмкіншілік эритроциттердегі гемоглобулиннің арқасында іске асады, өйткені гемоглобин өкпеде оттегімен қосылып, қанға түскенде басқа ағзаның жасушаларына береді. Эритроциттердің кемшілігі, эритроциттерде гемоглобиннің жетіспеуі анемия (қан азаюы) деп аталады, анемияда ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етуі бұзылады, кейбір ауруларда эритроциттің саны көбейіп эритремия (полицетимия) туады. Лейкоциттер қанның қорғаныш қызметін атқарады, олар фагацитозға қатысып ауру туғызатын микробтарды жұтады, ал лимфоциттер антителдердің өніміне қатысады. Лейкоциттер аз өнсе қанда, лейкопения туады, бұл жағдайларда ағзаның жұқпалы ауруларға қарсылық көрсетуі төмендейді. Лейкоциттердің өнімі көбейсе лейкемия (қанда лейкоциттердің көбеюі), бұл ауру лейкоз (ақ қан) ауруы деп аталады.
Тромбоциттер қан ұюына қатысады, артериалды қан тамырларында тромб құру процесі зақымдалған қан тамырларында, тромбоциттердің бір-бірімен, жабысуы басталады, сондықтан тромбоцитарлық «тығын» пайда болады, сонымен қатар қан ұюы жоғарлап, фибрин құрылады, фибрин жіптері тромбоцитарлық «тығынды» одан әрі бекітеді. Пайда болған тромб қан тамырының саңылауын жауып қансырауды тоқтатады.

  1. Эритропоезге әсер ететін дәрілер

  2. Лейкопоезге әсер ететін дәрілер

  3. Тромб құрылуына әсер ететін дәрілер

  4. Фибринолизге әсер ететін дәрілер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет