Қарсыбай Сы па- таевұрыс даласында асқан ерлік пен қаһар ман-
дық көр сетті. Шайқастардың бірінде ол 25-тей
фашист солдатын жойып жіберді. 1942 жы лы
25 қарашада Шарнутовский селосын фашист
ұшақтары төбеден бомбаласа, жерден 30-дан аса
танк қаптап, ажал оғын бүр ікті. Сыпатаев және
оның жауынгер достары танкілерді бронбұз-
ғыш оқпен, минамен қарсы алды. Танкілердің
қардай жауған оғынан Қарсыбайдың жолдас-
тары бірінен кейін бірі ажал тауып жатты.
Қарсыбайдың қолында жалғыз снаряд қалған
еді. Жау танкісі оқ боратып жақындап келеді.
Қарсыбай қаймықпастан алға ұмтылып, жау
танкісінің астына құлады. Танк күл-талқан
болып жарылды. Артында келе жатқандары
кілт тоқтады. Осылайша Сыпатаев асқан ерлік
жасап, фашист танкілерінің жолын бөгеді.
Қ. Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.