3. екі мәрте Кеңес ода ғының Ба- тыры атанған қазақстандықтар. Талғат Бигелдинов(1922 ж. т.) –
авиация генерал-майоры, екі мәрте
Кеңес Одағының Батыры. Т. Бигел-
динов 305 рет жа уынгер лік тапсыр-
мамен ұшып, фа
шистің жүздеген
танкісін, зеңбі ректері мен солдатта-
рын жойды. Әуе шай қасында жау-
дың 7 ұшағын қи ратты. Ұлы Отан со -
ғысындағы асқан ерлігі үшін екі мәр-
те Кеңес Одағы ның Батыры атанып,
орден-медаль дар мен марапатталды.
Беда Леонид Игнатьевич(1920–
1976)– әскери ұшқыш, авиация
генерал-лейтенанты, екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры. 1942 жылы 16 тамызда Ста-
линград майданында шайқасқа қатысып, ерлігі
үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Ержүрек ұшқыш 214 рет жа уынгерлік тапсыр-
мамен ұшып, жауға қирата соққы берген. Ерлігі
үшін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Луганский Сергей Данилович(1918–1977)–
авиация генерал-майоры. Алғаш 1939–40 жыл-
дары финдермен болған соғыста батырлығымен
көзге түседі. Ұлы Отан соғысына басынан аяғы на
дейін қатысады. Кескілескен әуе ұрыстарында
жаудың 37 ұшағын, әріптесімен бірге 6 ұшақ-
ты жойып, екі рет таран жасаған. Осындай
асқан ерліктері үшін екі мәрте Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді.
Павлов Иван Фомич (1922–1950)– соғысқа
1942 ж. желтоқсаннан араласты. 200-ден аса
әуе шабуылына қатысып, жеке өзі жаудың
3 ұшағын атып түсірді. Осындай ерлігі үшін
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды.