Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы – 1961
жыл дан бастап Харьковский совхозында трак-
торшы болып жұмыс істеген. 1972 жылы әйел
механизаторлар арасында өткізілген облыстық
жарыста 1-орынды, республикалық жарыста
3-орынды жеңіп алды. Атақты механизатор жер
жыртуда жылдық міндеттемесін үнемі асыра
орындады. Еңбектегі ерлігі үшін Социалистік
Еңбек Ері атағы берілді.
Тың игерушілерден 272 адам Социалистік
Еңбек Ері атағын алды, мыңдаған адам медаль,
ордендермен марапатталды.
Елімізде астық өндіру көлемі артып, Одақта
екінші орынға шықты. Тың игерілген жерлер-
де 15 жаңа қала, 86 кент салынды. Көптеген
мектептер ашылып, мәдениет орындары пайда
болды. Жаңадан кәсіпорындар мен әуежайлар
ашылды.