§55. тың игеру 1. соғыстан кейінгі халықтың жағдайы. Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған кеңес
халқына соғыстың зардаптарын жою, бейбіт
өмірге көшу оңайға түспеді.
Елге қажетті азық-түлік пен тауарлар
жетіспеді. Нан, май, ет, қант, мата, аяқкиім
қатаң түрде карточкамен берілді. Ендігі міндет
соғыстың зардабын жою болды.
Қазақстан фашистік басқыншылардан күй-
зелген аудандарға өз көмегін аяған жоқ. Қуаң-
шылық, ашаршылық жайлаған аудандарға
астық беріп көмектесті. Бірақ республикада
ауыл шаруашылығы артта қалған еді. Өнді-
рілетін астық көлемі халықтың қажетін толы-
ғымен қамтамасыз ете алмады.
1950 жылы республикамызда 3696 колхоз
құрылды. Ендігі мақсат – мол астық өндіру,
сапалы бидай өсіру болды. Кеңес мемлекетінің
басшылары тың және ты ңайған жерлерді игеру қажет деп тапты.