Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет198/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§59. Қазақстан республикасының 
Конституциясы
1.  Қазақстан республикасының 1993 жыл-
ғы Конституциясын қабылдау. Мемлекетімізді 
басқарудың негізгі әрі басты заңы – Қазақстан 
Республикасының Конституциясы болып табы-
лады. Конституцияның қабылдануы – еліміздің 
өміріндегі маңызды тарихи оқиға.
1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан 
мемлекетінің тұңғыш Конституциясы қабыл-
данды.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан бұрынғы 
КСРО құрамындағы 15 республиканың бірі са-
налды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республи-
касы (ҚазКСР) деп аталды. Оның өз конститу-
ция сы болды. Ал тәуелсіздік алған Қазақстан 
Рес публикасына жаңа заң қажет болды. Өйт-
кені ҚазКСР-інің Конституциясы тәуелсіз мем-
лекетке жарамсыз болып қалды. 
1993 жылы тәуелсіз еліміздің алғашқы Кон-
ституциясы қабылданды. Бұл заң Қазақстанды 
тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Конституция 
елдің экономикасын, саяси-әлеуметтік даму-
ын, ішкі және сыртқы саясатын қайта қарап, 
жаңаша құруға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет