Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет200/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   244
§60. Қазақстан республикасының 
мемлекеттік рәміздері
1. Қазақстан республикасының мемлекет 

тік гербі. Әр мемлекеттің Туы, Гербі мен Гимні 
болады.  Мемлекеттік рәміздер – елдің өзін-
дік өмір салтын, ерекшелігін, асқақ арманын 
білдіретін ерекше белгі.
1992 жылы 4 маусым күні Қазақстанның 
Гербі мен Туы қабылданды. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Гербі – мемле кетіміздің басты белгісі. Герб ав-
торлары – белгілі архитекторлар Жандарбек 
Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. 
Мемлекеттік Гербтің негізгі нышандары – 
шаңырақ, қос тұлпар, бесбұрышты жұлдыз.
Шаңырақ – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым
республиканың барлық халықтарының ортақ 
Отанын, ондағы бейбітшілік, татулық, достықты 
бейнелейді.
Елбасы Н.  Ә. Назарбаев 
пен Тудың авторы – 
суретші Ш. Ниязбеков


189
Алтын қанатты қос пырақ – батылдықтың 
нышаны, асқақ арманға деген ұмтылыс. Тұл-
пардың алтын қанаттары астық масақтарын 
бейнелейді, ол – молшылық белгісі. Мүйіз – ай-
бындылықтың, күш пен беделдің белгісі.
Бесбұрышты жұлдыз – мемлекетіміздің бес 
құрлыққа құшағы ашық екендігінің ныша-
ны. Жұлдыз қазақтарда өмірлік бағыт-бағдар
биіктік пен биліктің белгісі саналған. Бес саны – 
ақиқат пен әділдіктің өлшемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет