2. Жау тылында. Қалың ормандарда, Қырым
тауларында, Украина далаларында қазақстан-
дық партизандар ерлікпен шайқасты. Жұмағали
Саин, Әди Шә ріпов, Қасым Қайсенов, А.С. Его-
ров, Ф. Абдуллин және басқа партизандар жау
тылында күрес жүргізді.
Соғыстың басында партизан қозғалысын
ұйымдастыру үшін тылға арнайы дайындықтан
өткен коммунистер мен комсомолдар аттанды-
рылды. Партизандар Қызыл армияға елеулі
көмек көрсетіп, олармен үнемі байланыста бол-
ды. Витебск облысында алматылық Ғалым Ах-
медияров басқарған партизандар немістер өте-
тін 765 пойыз рельсін жарып, істен шығарды.
Ұлы Отан соғысының
қандай ірі ұрыстарын
білесің? Осы ұрыс бол-
ған жерлерді картадан
көрсет.
Сталинград шайқасы
қай аумақта өтті?
Жау тылындағы пар-
тизандар құрамалары
шайқасқан аудандарды
картадан тап.
Ұлы Отан соғысы
1941 жылы 22 маусым-
да басталып, 1945 жылы
9 ма мырда жеңіспен аяқ-
талды.
Соғыс 1418 күн мен
түнге созылды.
Соғыста 27 миллион-
нан астам ке
ңес адам-
дары қаза тап
ты. Оның
410 мыңы қазақ стандық.