§56. Қазақстан – ғарыштық мемлекет 1. Байқоңыр ғарыш айлағы. Әлемдегі тұңғыш
ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде
Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет
ғарышқа жол салды.
Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының
құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жы лы
пай
далануға берілді. Ғарыш айлағын салуға
адам сирек орналасқан және өндіріс орталық-
тарынан қашық, Алматы-Мәскеу теміржолының
Қызылқұмнан өтетін аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүниежүзінің
түрлі мемле кет терінен 150-ден астам ғары ш -
кер ғарышқа сапар шекті. Олар түрлі ғарыш
аппараттары арқылы ғарышты, шағын пла-
неталарды зерттеді. Осы жерден «Космос»,
«Про тон», т.б. жердің жасанды серіктері ұшы-
рылды. Бейбіт мақсатта ғы
лыми жұ
мыстар
жүр гізілді.
Қазіргі кезде Байқоңыр ха лықаралық ғарыш
айлағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Фран-
ция, Үндістан, т.б. мемле кеттердің ғарышкерлері
мен ғарыш кемелері ұшырылды.