§57. Қазақстандағылым мен өнердің дамуы 1. Ғылымның дамуы. Ғылым қоғамның
барлық саласын қамтыды. Табиғатта жоқ жаңа
материалдар жасалды. Адам ғарышқа ұшып,
белгісіз планеталарды зерттеді. Ғылымның
жаңа салалары қалыптасты. Түрлі электрон-
ды есептеу машиналары (ЭЕМ) іске қосылды.
Ол адам еңбегін жеңілдетіп, ғарышты игеруге
мүмкіндік берді.
Өнеркәсіп орындарында түрлі автоматты ма-
шиналар мен автоматты желілер пайда болды.
1946 жылы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылым
Академиясы құрылды. Ғалымдар әлемдік мәні
зор жаңалықтар ашты.
Академик
Қаныш Сәтбаев(1899–1964) –
қо
ғам қайраткері, геолог, Қазақ КСР ҒА-ның
бірінші пре зиденті, академик. Ол он бес жыл
бойы Жезқазған мыс кен орнында геологиялық
барлау қызметіне басшылық жасайды.
Ғалым республика өңірінде көптеген кен
орын
дарын ашып, барлау жұмыстарын жүр-
гіз ді, оның болашағы туралы маңызды қоры-
тын ды лар жасады. Ғалымның ерекше еңбекте -
ріне – Қазақ КСР Геология институтын ұйым-
дастыру, Қазақ КСР Ғылым Академиясын ашу,
Жезқазған кен металлургия комбинатын салу,
республикамызда металлогендік зерттеулерді
ұйымдастыру, т.б. жатады.