§61. Біздің теңге
1. нумизматика. «Нумизма-
тика» – грек сөзі нен аударғанда
«теңге» деген мағынаны біл-
діреді. Нумизматика – металл
теңге, құйма ақша ке
сектерін,
теңге мөр лерін, теңге өндірісін,
ақша айналымын зерттейтін
көмек
ші тарихи пән. Нумизма-
тика теңгедегі бейнелерді, сурет-
тер мен жазуларды, таңбаларды,
оның салмағын, кө
лемін және
металдың құрамын зерттейді.
Нумизматика сонымен қатар қағаз ақша, ме-
даль, ордендер мен төсбелгілерді де зерттейді.
Археологиялық қазба жұмысы кезінде табыл-
ған металл теңге көмбелерін зерттеу арқылы
ғалымдар бұл ақшаның қандай мемлекетте, қай
Теңге сарайында, қашан жасалғанын, мерзімін,
оның құрамын, сол кезеңде билік еткен мемле-
кет басшысын анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |