2. ақша туралы. Алғашқы теңгелер Кіші
Азия мен ежелгі Грекияда пайда болған. Теңге
шыққанға дейін адамдар өзіне қажетті заттар ды
бір-бірінен айырбастап алып отырған. Біртін-
деп, сауданың дамуына байланысты белгілі бір
заттың құны, бағасы, сапасы туралы түсінік
ор
нықты. Алтын мен күмістен ақша жасау
сауданың дамуына байланысты қалыптасты.
Ертеден теңге жасап шығару ісі мемлекет
билігінде болды. Әдетте теңгенің оң бетінде
мемлекеттік билікті, не дінді дәріптейтін пат-
шаның бейнесі, не елтаңба, т.б суреттер мен
бейнелер салынды. Теңгенің сол бетінде оның
бағасы, шыққан жері мен жылы көрсетілген.
Теңгені күміс, алтын, мыс және түрлі қосынды
металдан жасады. Теңге құрамындағы асыл
металдардың көлеміне қарай қымбат не арзан
бағаланған.
192
Теңге қолөнер мен өнер туындысы ретінде
де құнды. Әлемнің көптеген елдерінде теңге
жинақталған музейлер бар.