Балқаш көлі аймағында да
осыған ұқсас жағдай қалыптасты.
Семей полигоны аумағында да қауіпті жағдай
орын алды. 1949 жылдан бастап полигонда
жер үстіндегі және жер астындағы сынақ жа-
рылыстары жүргізілді. Бұл сол жерде өмір сү-
ретін халыққа аса ауыр апат әкелді. Жергілікті
әйелдердің 70 пайызы қаназдық ауруымен ауы-
рады. Іштен ауру болып, жарымжан күйде туа-
тын балалар саны жыл өткен сайын арта түсті.
Тұрғындар саны азайды. Қалалар мен өндіріс
орындарында атмосфераның ластануы адамдар
өміріне үлкен қауіп төндірді.
Көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері
Ол жас Сүлейменовтің жетекшілігімен «Невада-
Семей» қоғамдық бірлестігі атом бом
басын
сы
науды тоқтатуды, полигонды жа
буды та-
лап етті. 1991 жылы 28 тамызда Қазақ
стан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назар баев-
тың жарлығымен Семей полигоны жабылды.
Жас ұрпақ! Келешек жер иесі сенсің. Қор-
шаған ортаны қорғау, туған өлке табиғатын ая-
лау, экологиялық зардаптарды болдырмау ісін
есіңде мықтап ұстағаның жөн.
Өлке дегеніміз не?
Картадан өзің туып- өскен өлке, қала, қоныс, аудан, облысты көрсет.
Өз өлкеңнің табиғат байлығы мен өсімдіктері және жануарлары туралы әңгімелеп бер.
Өлкеңде қандай тарихи-мәдени ескерткіштер бар?
Табиғатты қорғау үшін не істеу керек деп ойлайсың?