«математика» пәнінен
алған біліміңді еске
түсір:
Секунд дегеніміз не?
Бір минутта қанша
секунд бар?
Тәулік деген не?
Бір айда қанша күн
болады? Бір жылда
қанша ай бар? Жердің
Күнді бір айналып
шығуына шамамен
қанша уақыт кетеді?
25
Ацтектердің
күнтізбесі
Римдіктердің
күнтізбесі
құр меті не
Юлиан
күнтізбесі деп атал-
ды. Уақыт өте бұл
күнтізбе Еу ропаның
көптеген
ел деріне
тарады. Жаңа күн-
тізбе бойынша Ежел-
гі Римде жыл ұзақ-
тығы 365 тәулік
бол
ды. Әр төртінші
жылға бір қосымша
тәулік қосып отыр-
ды. Қосымша күн ең
қысқа ақпан айына
қосылды. Бұл жыл-
ды толық жыл, кібісе
жыл деп атаған.
26
3. григориан күнтізбесі. Бір неше жүз жыл-
дар өткен соң Юлиан күнтізбесінің дәл еместігі
байқалды. Бұл күнтізбе басқа күнтізбелерге
қарағанда дәлірек болғанымен, үйлесімсіздік
көп болды. Көктемгі күн теңесуі 21 наурызға
тура келмей, діни мерекені жазға жақын,
кешірек өткізуге тура келген.
1582 жылы Рим папасы (діни басшы)
XIII Григорийдің тапсыруы бойынша, бір топ
ғалымдар мен дін басшылары келісіп, жаңа
күнтізбе дайындады. Жаңа күнтізбе Юли-
ан күнтізбесіне қарағанда дәлірек болды. Осы
күнтізбе бойынша жыл дәл мезгілінен 26 секунд
қана қалып қойды. 3300 жылдан кейін ғана бір
тәулік қосылатын болды. Григориан күнтізбесі
бойынша, 1581 жылғы 5 қазан 15 қазан болып
саналды. Сөйтіп, күннің теңелуі көктемнің
басы 22 наурызға тура келетін болды. Әрбір
400 жылдан соң озып кеткен үш тәулік
күнтізбеден алынып тасталады.
Қазір
Григориан күнтізбесін көптеген мем-
лекеттер, соның ішінде Қазақстан да пайдала-
нады.
Ұмай Жер-Ана
27
Ежелгі қазақ күнтіз-
бесі туралы не білесің?
Ай күнтізбесі туралы
айтып бер.
Күн күнтізбесін қай
елдер пайдаланды?
Юлиан күнтізбесі
туралы айтып бер.
Григориан күнтізбесі
жайлы әңгімеле.
Кеңістік ұғымын
қалай түсінесің?
Ежелгі түркі
тайпаларының
кеңістік туралы
ұғымдары қандай еді?
Ол елімізде
табылған қандай
ескерткіштерде
көрініс тапқан?
4. Кеңістік туралы алғашқы тү-
сінік. Кеңіс
тік – үздіксіз құбылыс,
«шексіздік» деген түсінікті білдіреді.
Сонау ерте заманда-ақ адам баласы бір
нәрсенің биіктігін, тереңдігін, енін, оңы
мен солын, алды мен артын, шектілігі
мен шексіздігін білуге ұмтылған. Ке-
ңістік ұғымы белгілі бір нәрсенің
өлшемімен және уақытпен де тығыз бай-
ланысты. Қандай да болмасын тарихи
оқиға белгілі бір жерде, уақытта және
кеңістікте өтеді. Кеңістікті әр халық
өздігінше түсінген.
Ежелгі түркі тайпалары аспанды –
Көк тәңірі деп, ал жерді – Ұмай ана деп
атап сыйынған. Күнді ерекше бағалап,
қастерлеген. Күн адам затқа нұрын шашатын,
жандандыратын және көркейтетін айрықша
күш иесі ретінде дә
ріптелген. Таңбалытаста
бейнеленген өгіз үс тінде тұрған Күнбасты құдай
бейнесі осыны білдіреді. Ежелгі түркі тайпала-
ры үйінің есігін күн шығатын жаққа қаратып
орнатқан.
Қазақ халқы кеңістікті «шартарап» деп ата-
уынан жердің дөңгелек екенін ертеден-ақ білге-
нін аңғарамыз.
5. Қазақ күнтізбесі. Ертеде қа зақ халқының
өз күнтізбесі бол ған. Онда уақыт ғасырға, жыл-
ға, тоқсанға, айға, аптаға және күнге бө лінген.
Әрқайсысына жеке-жеке ат берілген. Күнтізбе
бойынша бір жыл он екі айға бөлінеді. Әр үш
айды бір тоқсан деп санаған. Жеті күнді бір
апта деп есептейді. Ал бір күн, бір түнді бір
тәулік деп санаған. Ежелгі қазақ күнтізбесінде
әр айдың өз аты бар. Жыл басы көктемге келеді.
Себебі осы жыл мезгілінде күн мен түн теңе леді.
22 наурыз – Жаңа жылдың басы деп саналады.
Бұл күні Наурыз мерекесі өткізіледі.
Өгіз үстінде тұрған
Күнбасты құдай
|