Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет26/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   244
    Бұл бет үшін навигация:
  • Хижра
      
 Хайуандардың
                      дауласуы
Тышқанның жыл басы 
болуы туралы мынадай 
аңыз бар.
Хайуандар жыл басы 
кім болады деп ұзақ даула-
сыпты.
Сиыр айтады: 
– Мен адамға сүт, ет, тері 
беремін. Жыл басы болуға 
мен лайықпын.
– Олардың бәрін мен де 
беремін. Оған қоса адам 
мені көлік ретінде мінеді, – 
дейді жылқы.
– Сен маған қарағанда 
әлсізсің! – деп түйе киліге 
кетті. – Сенің күшің маған 
тең емес. Менің жүгімнің 
жартысын артса, сен қи-
сайып қаласың. Әрі сен 
тамақ талғайсың. Саған ба-
лауса шөп, сұлы керек, таза 


29
Хижра – ислам дінінің жыл санауы. 
«Хижра» – 
араб сөзі, қазақ тіліне аударғанда «қоныс аудару» 
деген түсінік береді. Мұсылмандар ислам дінінің 
негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың Мек-
кеден Мединеге барған жылын жыл санаудың 
басы деп есептейді. Бұл – 622 жылғы 16 шілде. 
Әр мемлекетте жыл санау әртүрлі бол ған. 
Мәселен, египеттіктер жыл санауды перға-
уынның таққа отыруынан бастаған. Ал Ежелгі 
Грекияда жыл санау алғашқы олимпиадалық 
ойындар өткізуден басталған. Алғашқы олим-
пиадалық ойын б.з.б. 776 жылы өткізілген. Со-
дан бері әр 4 жылда олимпиадалық ойындар 
өткізіліп тұрады. 
Бірақ мұндай жыл санаулар тиімсіз еді. 
Адамзат баласына жыл санаудың дәл, нақты әрі 
жүйелі болғаны қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет