§12. Қазақстанның халқы
1. Біртұтас Қазақстан халқы. Қазақстанда
тұратын адамдар еліміздің негізгі байлығы
болып саналады. Қазақстан жерінде 2010 жыл-
дың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 16 мил-
лионнан астам адам тұрады.
Қазақстанда неше түрлі ұлттар мен ұлыс
өкілдері өмір сүреді. Олар: қазақ, орыс, украин,
белорус, неміс, түрік, корей және т.б.
Қазақстанда мемлекет құрушы негізгі ұлт –
қазақ ұлты.
Қазақстан Республикасының Конституция-
сында Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттар
дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан тең
екендігі айтылған.
Республикада тұратын әртүрлі ұлт өкіл-
деріне бір-бірінің және өздерінің тілін, тари-
хын меңгеруге, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін
дамытуға мүмкіндік жасалған. Балалар қазақ,
орыс және басқа тілдегі мектептерде оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |