Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет68/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   244
Байланысты:
5 synyp

  – «ескі», «көне»  деген  мағы наны 
білдіреді.
Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріне тастағы 
жазулар жатады. Мұндай жазуы бар тастар 
Сібірдегі Енисей мен Орхон өзендері бойынан та-
былды. Бұл жа зулардың көпшілігі зират басына 
қойылған құлпытасқа, жартастарға қа 
ша 
лып 
жазылған. 
Ертедегі түркі жазбаларына – Білге қаған, 
Күлтегін, Тоныкөктің құрметіне жазылған та-
рихи ескерткіштер жатады.
2.  түркі тұлғалары. 
Күлтегін  (684–731) – бас қолбасшы, атақты 
батыр. Шығыс Түрік қағанатының әміршісі 
Құт 
лық қағанның кіші баласы болған. Әкесі 
Құтлық қайтыс болғанда Күлтегін жетіде, 
ағасы Білге он жаста екен. Жастайынан жетім 
қалған балалар әкесінің інісі Қапаған қағанның 
тәрбиесінде өседі.
Әскери өнерді шебер меңгерген Күл 
тегін 
 
21 жа 
сында қытайлық 
тарға күйрете соққы 
бе 
ріп, 10 мың жауынгерін жойып жібереді. 
«Түркінің көк семсері» атанған қаһарман ба-
тыр, қолбасшы Күлтегін қырғыз, оғыз, түркеш  
тайпаларымен со ғыста жеңіске жетеді.
Түрік қағанатының әміршісі Білге қаған, 
оның кеңесшісі Тоныкөк, әскербасы Күлтегін 
Күлтегін ұстынының   
қытай мәтіні


72
бол ған  кезең  қағанаттың ең гүлденген, мерейі 
тасыған кезеңі саналды.
Күлтегін, Білге, Тоныкөк мемлекетті көр-
кейту мақсатында көрші елдерге жорыққа 
шығып, жеңіске жетіп отырған. Тарихи де-
ректерде: «Білге қаған ұлтын сүйетін, халық 
сыйлайтын көсем; Күлтегін – соғыс өнерінің 
ұстазы, оған қарсы тұратын күш жоқ, ал Тоны-
көк – беделді де білімді, алғыр кісі» деген 
мінездеме берілген.
Олар бар күш-жігерін Түрік мемлекетін 
біріктіруге жұмсады. Осы мақсатта ішкі және 
сыртқы жаулармен бітіспес күрес жүргізді. 
Шайқаста Күлтегін өзін тамаша қолбасшы, 
қаһарман батыр ретінде көрсете білді. Күлтегін 
47 жасында қайтыс болғанда оның басына 
ел тарихы жазылған ескерткіш орнатылды. 
Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары тура-
лы құлпытасқа ойылып жазылған. Күлтегін 
ескерт кі ші деп аталатын ол тас қазіргі Моңғо-
лия мемлекеті 
 
нің астанасы Улан-Батордың 
батысынан табылды. Ескерткіш астанадан 
 
400 шақырым жердегі ескі қорғанның маңын-
да орналасқан.
«Күлтегін» жырының авторы – сол кезде өмір 
сүрген атақты ақын Иоллығ Тегін.
Тоныкөк  (шамамен 646–731 жж.) – Түрік 
қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам 
қайраткері, қолбасшы, ойшыл ақын. Тоныкөк 
табғаш елінде дүниеге келіп, білім алған. Жас 
кезінде Тоныкөк Қытай елінде 13 жыл тұрып, 
сонда тәрбиеленеді. Ол кезде тек ел басқаратын 
түркі тайпаларының көсемдері ғана қытай им-
ператорына аманатқа балаларын бере алған. 
Тоныкөк қытай императорының сарайында 
білім алып, тәрбиеленіп жүрген кезде олардың 
еліне жасаған қорлығының барлығын өз көзімен 
көріп өседі.
Күлтегіннің  
бас мүсіні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет