72
бол ған кезең қағанаттың ең гүлденген, мерейі
тасыған кезеңі саналды.
Күлтегін, Білге, Тоныкөк мемлекетті көр-
кейту мақсатында көрші елдерге жорыққа
шығып, жеңіске жетіп отырған. Тарихи де-
ректерде: «Білге қаған ұлтын сүйетін, халық
сыйлайтын көсем; Күлтегін – соғыс өнерінің
ұстазы, оған қарсы тұратын күш жоқ, ал Тоны-
көк – беделді де білімді, алғыр кісі» деген
мінездеме берілген.
Олар бар күш-жігерін Түрік мемлекетін
біріктіруге жұмсады. Осы мақсатта ішкі және
сыртқы жаулармен бітіспес күрес жүргізді.
Шайқаста Күлтегін өзін тамаша қолбасшы,
қаһарман батыр ретінде көрсете білді. Күлтегін
47 жасында қайтыс болғанда оның басына
ел тарихы жазылған ескерткіш орнатылды.
Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары тура-
лы құлпытасқа ойылып жазылған. Күлтегін
ескерт кі ші деп аталатын ол тас қазіргі Моңғо-
лия мемлекеті
нің астанасы Улан-Батордың
батысынан табылды. Ескерткіш астанадан
400 шақырым жердегі ескі қорғанның маңын-
да орналасқан.
«Күлтегін» жырының авторы – сол кезде өмір
сүрген атақты ақын
Иоллығ Тегін.
Тоныкөк (шамамен 646–731 жж.) – Түрік
қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, қолбасшы, ойшыл ақын. Тоныкөк
табғаш елінде дүниеге келіп, білім алған. Жас
кезінде Тоныкөк Қытай елінде 13 жыл тұрып,
сонда тәрбиеленеді. Ол кезде тек ел басқаратын
түркі тайпаларының көсемдері ғана қытай им-
ператорына аманатқа балаларын бере алған.
Тоныкөк қытай императорының сарайында
білім алып, тәрбиеленіп жүрген кезде олардың
еліне жасаған қорлығының барлығын өз көзімен
көріп өседі.
Күлтегіннің
бас мүсіні
Достарыңызбен бөлісу: