Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Кәсіби тәртіпті меңгеру жолдары



Pdf көрінісі
бет56/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Кәсіби тәртіпті меңгеру жолдары. Қарастырылған байланыс аймағы 
жұмысшысылардың кәсіби тәртібіне қойылған талаптар қызмет көрсетудің 
әртүрлі жағдайларында бағыттаушы болып табылады. Бұл талапарды білу ғана 
жеткіліксіз. Сәйкес жаттығуларсыз кәсіби тәртіп құпияларын меңгере алмайды. 
Бұл жаттығулардың мақсаты- идеалды байланыс аймағы жұмысшысы бейнесі 
туралы түсінік қалыптастыру. Кәсіби дамуына қарай мейрамхана және қонақ үй 
жұмысшысы осы бейнеге (имиджге, эталонға) жақындау керек. Бұндай эталон 
байланыс аймағы жұмысшысы кодексінің барлық ежелерін қадағалайтын 
мейрамхана және қонақ үй жұмысшысы болуы мүмкін. Өз қызметін идеалды 
байланыс аймағы жұмысшысы қызметімен салыстыра отырып, айқындалған 
сәйкессіздікті жояды. 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысына кәсіби тәртібін меңгеруге 
қызмет көрсету әрекетінің әдістемесін игеру көмек көрсетеді. Бұл әдістеме 
келушілерге ұсынылатын тағамдардың тағайындалуын, пайдасын және т.б. 
түсіндірудің ең көп тиімділігін қамтамасыз ететін белгілі-бір әдістер жиынтығы 
болып табылады. Әдістеме негізінде байланыс аймағы жұмысшысыда 
(барменде) қызмет көрсету ойының белгілі-бір әдісі қалыптасады. Қызмет 
көрсету әрекетінің әдістемесі тағам және оны даярлау технологиясы туралы 
айта алу, шараптар туралы мәлімдеу және т.б. мәселелері қарастырылады. 
Қызмет көрсету әрекеті әдістемесін игерген мейрамхана және қонақ үй 
жұмысшысы кез-келген келушіге қажет мәлімет бере алады.
Қызмет көрсету стилі туралы түсінік. Қызмет көрсету стилі мәселесі – 
мейрамхана және қонақ үй сервисі мәдениетінің де мәселесі. Мейрамхана және 
қонақ үй бизнесінде бәсекенің өсуіне байланысты қазіргі заманғы келушілер 
талаптарына сәйкес қызмет көрсетудің оңтайлы стилін шығару қажеттілігі өсті. 
Мейрамхана және қонақ үйде келушілерге қызмет көрсету стилі деп 
мейрамхана және қонақ үй персоналының қызмет көрсету әдістерінің тұрақты 
жалпылығын айтады. Бұл қызмет келушілер қажеттілігін қанағаттандыруға 
бағытталған.
Әрбір байланыс аймағы жұмысшысының дербес стилі белгілі-бір қызмет 
көрсетудің нақты стандартты үрдісінде көрінеді. Оңтайлы дербес стильді 
құрастыру терең мәнге ие, себебі ол келушілердің қажеттілігін 
қанағаттандыруға тікелей көмектеседі және жалпы мейрамхана және қонақ үй 
мүддесіне сай келеді. 
Қызмет көрсету стилін талдау қызмет көрсету сценарийін құруда көрінеді. 
Қызмет көрсету сценарийі деп келушіге белгілі-бір қызмет көрсету үрдісінде 
жүретін сюжетті сызбаны айтады. Сценарий әртүрлі сүйемелдеу түрлері: 
музыкалық, дыбыстық, жарық және т.б. көрсетіліп кезеңдерге бөлінген қызмет 
көрсету үрдісінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Мысалы, той, мерейтой, басқа 
да мерекелерді жүргізу сценарийі құрылған. Сценарийді табысты жүзеге асыру 


87 
мейрамхана және қонақ үй жұмысшыларының сахналық сөз сөйлеу, режиссура 
және өздігінен режиссура дағдыларын меңгеруге байланысты. Қызмет көрсету 
үрдісінің режиссурасы деп қызмет көрсету үрдісінің белгілі-бір эстетикалық 
(көркемдік) бірлігі бар теңгерілген бүтінді құру өнерін айтады. Мысалы, 
мейрамхана және қонақ үй жұмысшысы (режиссер ролін ойнап отырып) қызмет 
көрсету үрдісінің барлық элементтерін ұйымдастырады, оларды өзара 
сәйкестендіреді. Сонымен қатар ол өз әрекеттерін басқа жұмысшылар 
әрекетімен теңестіреді. Байланыс аймағы жұмысшысы (бармен) қызмет көрсету 
үрдісін келушіні де, өзін де қанағаттандыратын спектакль ретнде көрсете алу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет