Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет58/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Даулардың даму тәсілдері. Даулардың даму тәсілдері төмендегідей: 
 Салыстырмалы ақырын (ретімен). Дауға түсушілер кезегімен қадам 
жасайды. Бұндай түрде белгілі-бір өнімді ауыстыру немесе қайтару 
кезінде жүретін даулар жүзеге асады. Келуші өнімнің көрнексіз түріне 
орай өз шағымын білдіреді, ал байланыс аймағы жұмысшысы оның 
шағымын қабылдамау үшін себептер таба бастайды: 
 Тез (тасқын тәрізді) дауға түсушілер әрекеті түзу сызықты, дамушы 
сипатқа ие. Дау күрт өсіп, кейде оны тудырған себебін жоғалтып, 
басқарылмайтын күйге айналады. Бұл кезде дауға қатысушылар өзара 
балағаттауға көшеді.
Кез-келген коллектив дау жағдайлардан сақтанбаған, дау – мейрамхана 
және қонақ үйдің қалыпты жұмысынан ауытқуы, дау тек қонақ үй немесе 
мейрамхананы нашар басқару нәтижесі ғана емес. Ол – мейрамхана және қонақ 
үй өмірінің бөлігі. Дауды оң көзқарастан да қарауға болады, себебі ол нақты 
бар мәселені ашып, оны шешу үшін күштерді біріктіреді. Осы көзқарастан дау 
мейрамхана және қонақ үйдің дамуына ықпал етеді. 
Туындау себебі, құрылымы, кезеңіне байланысты даулар келесі типтерге 
бөлінеді: 
 тұлғаішілік дау – тұлғаның дауды жүзеге асыру мүмкін емес 
қажеттіліктері көп, өзін адекватты емес бағалау жұмысшыда белгілі-бір 
мінез қасиеті мен сипатының артық болуымен байланысты; 
 тұлғааралық дау іскерлік қатынаста кездеседі. Тұлғааралық дауды жақсы 
еңбек жағдайына бәсекелес күрес, жеке әсерге күресуде көрінеді. Бұл 


89 
бірнеше тұлғаның тәжірибесі негізінде белгілі-бір кәсіби мәселелерді 
әртүрлі талқылау себебінен, сонымен қатар темпераменттердің келіспеуі 
есебінен болуы мүмкін
 ұлтаралық дау мейрамхана және қонақ үйде әртүрлі ұлт өкілдерінің 
топтары жұмыс істегенде туындауы мүмкін. Егер олар қызықты жұмысқа 
берілсе, ортақ мақсаттары болса, арасында дау түзілмейді.
 жеке тұлға мен топ дауы – мейрамхана және қонақ үй сервисінде кең 
тараған дау түрі. Белгілі бір бөлімге жаңа басшы немесе біліктілігі 
жоғарырақ қызметкер орныққан колективне келуі осындай дау пайда 
болуына себеп болады;
 жеке бөлімдер арасындағы дау – жиі кездесетін дау. Бұл асхана 
жұмысшылары мен залдағы қызметкерлер арасындағы, байланыс аймағы 
жұмысшысылар бригадасы арасындағы және т. б даулар.
Кейде дау туындау себебі мейрамхана және қонақ үйдің даму үрдісі болып 
табылады. Мейрамхана және қонақ үй басшысына кез-келген ескерілмеген 
жағдайларды жою керек, басқару принциптерінің бұзылуын реттеу керек. 
Мейрамхана және қонақ үй коллективінде жиі дау тудыру факторын жою 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет