Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Интерьердің эстетикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет62/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Интерьердің эстетикалық ерекшеліктері. Мейрамхана және қонақ үй 
интерьері бойынша келушілер ең алдымен оның жұмысшылары туралы және 
жалпы қызмет көрсету мәдениеті туралы пікірлерін құрастырады. 
Салон интерьері келушілер үшін ыңғайлылық құру қажет. Үйіп тастау 
және таршылық әдемілік және мақсатттылық талаптарына сәйкес келмейді. 
Сондықтан қызмет көрсету залында қажет емес заттарды орналастырмау керек. 
Қалқалар зал бүтіндігін бұзбау қажет. Мысалы, колонналардың артық санын 
тынық реңге бояп немесе айналар көмегімен жасыруға болады. Әрбір 
интерьерде өзіне назар аудартатын композициялық орталығы болуы керек.
Интерьерді безендіру кезінде түстердің адамға әсерін ескеру қажет. 
Мысалы, жасыл көз қысымын төмендетеді, естуді күшейтеді. Қызыл қоздырып, 
тез шаршатады. Қызыл-сары немесе сары түс ұзақ әсер еткенде мейрамхана 
және қонақ үй жұмысшылары мен келушілерінде бас айналдыру мүмкін. Қара 
түс адамды қысады. Эстетикалық және санитарлық-гигиеналық көзқарастан 
интерьерді өңдеуде көп ашық және қою реңдерді қолданбаған жөн.
Интерьер калориті адамның әртүрлі түстерді қабылдау заңдылығынан 
құрылады. Мысалы, қызыл түс көмегімен бөлмені «эммоционалды жылытуға», 
ал көгілдір түс көмегімен «суытуға» болады. Түс контрасттары бөлме 
пропорцияларын түзетуге көмектеседі. 
Интерьерде жарық тәжірибелік мақсатта ғана қолданылып қоймай, 
сонымен қатар қызмет көрсету залын көркемдік рәсімдеу құралы болып 
табылады. Төбенің жарық суреті көмегімен бөлме масштабын, көлемін құруға, 
ойша оны функционалды аймақтарға бөлуге болады. Бірақ көзге әсер етіп, аса 
жарқырамау керек. Сондықтан төбені жылтыратып боямаған жөн. Интерьерді 
ойластырғанда жарық пен түсті бір-бірінен бөлмей бірыңғай бірлік ретінде 
қарау керек. 
Интерьерді өңдегенде әртүрлі материалдар қолданылады: декоративті 
сылақ, керамикалық плитка және т.б. Бұл материалдар сыртқы түрінің көрнекті 
болуымен қатар, гигиеналы, берік, дыбыс жұтқыш болу керек. Қабырғаларды 
безендіру үшін қолданбалы графика, көркемдік фотография, түсті витраждар 
туындыларын қолданады. 
Бірақ интерьердің жалпы композициясы бұзылмау керек. Декоративті-
қолданбалы өнер элементтері мейрамхана және қонақ үй ерекшеліктеріне 
байланысты таңдалады. Сонымен қатар безендіру жұмыстарында ұсынылатын 


95 
тағам ассортиментіне де, жалпы қызмет көрсету саласына да қатысы жоқ 
тақырып қолданылуы мүмкін.
Түстер жылы және суық болып бөлінеді. Түстер өзара үйлесу керек. Көбіне 
мейрамхана және қонақ үй интерьерінде үш түстің үйлесімі қолданылады
мысалы, қызыл, сары және көк немесе қызыл-сары, жасыл және күлген және 
т.с..с 
Мейрамхана және қонақ үй ыңғайлылығын құруда интерьерді 
флористикалық безендірудің рөлі зор. Гүлдер интерьерге өзіндік ерекшелік 
береді. Олар келушілердің эстетикалық талғамына сай келу керек, мерекелік 
атмосфера құру қажет.
Мейрамхана және қонақ үй интерьерін құруда түстерді қолданудың екі 
негізгі бағыты бар: 
 жалпы мейрамхана және қонақ үй интерьерін кешенді безендіру; 
 жеке объектілерді декорациялау, мысалы, дастарқандарды, 
майлықтарды, аспаптарды, тағамдарды және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет