Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Лексикалық дағдыны қалыптастыру



бет56/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Лексикалық дағдыны қалыптастыру

Мақсаттары мен

мiндеттерi Жаңа сөздерді енгізу әдіс-

тәсілдері

Жаттығулар жүйесi

Тұрақты сөз тіркестері

Принциптерi

Алғашқы бекiту

Бiлiктiлiктер мен дағдыларды дамыту Дайындық

Тiл Лексиканы қолдану жаттығулары

жаттығулары

2.1. Ағылшын лексикасын оқытудың міндеттері. Жоспар: 1. Ағылшын лексикасын оқытудың міндеттері. 2. Жаңа сөздердің мағынасын ашуда қолданылатын әдіс- тәсілдер. 3. Тұрақты сөз тіркестері. 4. Сөздік қор.

2.1. Ағылшын лексикасын оқытудың міндеттері 1. Лексика - сөздің мағыналық типтері, сөз байлығы, тілдің сөздік қорының баю жолдары, фразеологиялық бүтіндер жиыны.

Лексикология - сөз мағыналары, сөз байлығы, фразеология т.б. туралы лингвистиканың бір саласы.

Сөздің негізгі белгілері: 1. Сөз - дыбыстық құрылымның жиыны. 2. Сөз - белгілі бір мағынаға ие. 3. Сөз - белгілі бір грамматикалық тұлғада көрінеді. 4. Сөздің дыбыстық құрылымы жағынан тұйықталуы. 5. Сөз белгілі бір лексика- грамматикалық топқа теңеулі.

Шет тілінде ойын білдіру, немесе басқа біреумен қарым-қатынас жасау тек қана сөздерді немесе сөз тіркестерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да ағылшын лексикасын оқытудың негізгі міндеті-оқушылардың шет тілінде сөздік қорын молайту, алынған әрбір тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтып, сөйлемде дұрыс пайдалана білуге үйрету. Оқушының неғұрлым сөздік қоры мол болса, соғұрлым оның үйреніп жатырған тілде сөйлеу, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі де жоғары болады. Осыған байланысты тілдік материалдардың көлемі, алынатын сөздердің саны, олардың таңдалуы шет тілін оқыту әдістемесіндегі лексиканы оқытудың басты мақсаттарының бірі.

Лексиканы оқытудың мынадай негізгі бағыттары бар: 1. Оқушының сөздік қорын молайту, яғни бұрыннан таныс емес, жаңа сөздерді енгізу және бұрыннан таныс сөздердің жаңа мағынасын таныстыру. Шет тілін толық меңгеру үшін оқушылар әрбір шет тілі сабағында 8-10 жаңа сөздермен танысуы қажет.

2. Керекті, қажет сөздерді таңдау, сөздердің мағынасын бір-біріне жақын сөздерді немесе қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалану, фразеологиялық бірліктерді енгізу.

3. Түсінікті, көп қолданылатын сөздердің санын молайту, яғни көп қолданылмайтын,

бірақ мағынасын түсінетін сөздерді белсенді сөздерге айналдыру. 4. Әдеби тілде пайдаланылмайтын сөздердің санын азайту (диалект, жаргон сөздерін

жою).

60


Жоғары аталған барлық бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсiндiру және оны оқушылардың игеруi туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың ерекшелiктерi бар, сондықтан әр кезеңде сөздi үйрету әдiстемесi әр түрлi болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет