Берберин бисульфат. Препаратты кәдімгі бөрікаракаттың тамы-
рынан карапайым экстракциялау нәтижесінде 95% этил спиртімен
1:10 катынасында мацерация әдісімен бөліп алады. Сығындыны
катты ысытып, 10% күкірт кышкылынын ерітіндісімен өндеп, 3 -5 °С
суытады және 72 сағат ішінде кристалдау үдерісін жүргізеді. Алынған
кристалдарды 50% этил спиртімен 1:30 катынасында араластырып
және кыздыру аркылы ерітеді де бірак кайнатпайды, ол 15—20 минут
аралығында жүзеге асады. Ыстык ерітіндіні фильтрлеп, 3—5 °С темпе-
ратурада 12 сағат аралығында кристаллизатор ішіне салады. Өнімнін
шығымы 65—70% кұрайды. Өт айдайтын дәрмек ретінде таблетка фор-
масында 0,005 г кабылдайды.
Глауцин гидрохлорид. Препаратты сэры мачка шөбінен алады, на
трий гидроксидінін ерітіндісімен араластырып, ал кейін бензин-
мен экстракциялау аркылы алады. Бензин көптеген липофильді
заттарды экстрагирлейді, және мұнда сұйык экстракцияны колданады.
Бензинді фракцияны 10% күкірт кышкылынын ерітіндісімен өндейді,
олай болатыны алкалоидтар тұзды формаға өтіп, ал липофильді зат-
тар бензинде калып кояды. Қышкыл катысында натрий хлоридін
1:7 катынасында глауцин гидрохлоридаінің түзілуі үшін және онын
жартылай тұздалынуы үшін косады. Және кейін арнайы тандаулар
аркылы глауцин гидрохлоридін хлороформда ерімейтіндігіне бай-
ланысты экстрагирлейді, осылайша оны өзге алкалоидтардан бөліп
алады. Фенолдык косылыстардан тазарту үшін глауцинді натрий
гидроксидінін ерітіндісімен өндейді. Глауцин гидрохлоридінің хло-
роформды ерітіндісін хроматографиялык колонкадан алюминий
оксидінін катысында өткізеді, мұнда өзге алкалоидтар мен косалкы
бөлшектер алюминий оксидінің бойында сорбцияланады. Ал элюир-
ленген глауциннің ерітіндісін кыздырады және петролейн эфирінің
катысында тұнбаға түсіреді. Кейін тұнбадағы глауцинді метил спиртінде
концентрленген тұз кышкылынын катысында (pH 4 -5 ) ерітіп, және
кейін 5-8 °С температурада кристалдайды. Түскен тұнбаны ацетонмен,
эфирмен шаяды және кептіреді. Өнімнің шығымы 75% күрайды. Та-
блеткалар формасында 0,05 г кабылдайды.