Гаж даму тарихы


Геоақпараттар жүйесінің (ГАЖ) құрамы



бет3/8
Дата31.12.2021
өлшемі203,5 Kb.
#21195
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-99681

1.2 Геоақпараттар жүйесінің (ГАЖ) құрамы.
Ақпараттық құрал. ГАЖ – бағдарламасымен жабдықталған компьютер.

Қазіргі кезде ГАЖ әртүрлі компьютерлі платформада жұмыс істейді – ортақтандырылған серверлермен, торапталған жекеленген компьютерлер, стол үстіне орналасқан жекеменшік компьютерлерге дейін.

ГАЖ – технологиясы әртүрлі фуекциялармен құжатармен қамтамасыз етілген. Бұлар, географиялық ақпаратты сақтауға, өңдеуге және бейнелеуге арналған.

Негізгі бағдарламалық компонент болып деректер қорын басқаратын жүйе (ДҚБЖ) кеңістікте сұранысты қолдайтын және өңдейтін, бейнелейтін құралдар мен функцияларға оңай жету үшін географиялық қолданушы интерфейс.

Деректер – бұл ГАЖ технологиясының ең маңызды компоненті болып табылады.

Кеңістікте таралған географиялық деректер, олармен байланысты кестелік деректер пайдаланушының өзі жасауға мүмкіншіліг бар, немесе қамтамасыз етуші мекемеден, интернеттен т.б. алынады.

ГАЖ технологиясын кең түрде қолдану адамның қатысымен болады. Адамдар (мамандар) бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасайды, жобалар құрастырады, оларды жүзеге асырады. ГАЖ технологиясын пайдаланушы болып техникалық мамндармен жәй қарапайым қызметкерлерде істейді. Оларға ГАЖ күнделікті немесе проблемалы мәселелерді шешіп береді.

ГАЖ-ді қолдануда оның табыстылығы және нәтижелілігі дұрыс жоба жасау және жұмыс шартына байланысты. Ал мұның бәрі әрбір өндірістің алғы қойған мақсатына байланысты. Бұл кезде ГАЖ-ді қолданушы осы ГАЖ-дің бір бөлшегі болады. Кеңістіктік сараптама және үлгілеу кезінде ГАЖ-ді қолданушы өзінен-өзі осы ГАЖ-дің бір бөлшегі болып кетеді. Әрине, мұндай жұмыс барысында үлкен тәжірибе қажет.

ГАЖ-дің басты артықшылығы бұл картадағы объектілерді кеңістікте бірімен бірінің байланысын табу. Жалпы айтқанда, ГАЖ картаны өзінде сақтамайды, ол осы карталар туралы деректерді сақтайды. Ал осы деректер арқылы қолданушы алдына қойған керекті мақсатты орындайды.

ГАЖ кеңістіктегі деректерді, әрбір ерекшелеген (жекеленген) объектілермен географиялық ақпараттармен байланыстырады. Ал бұл ақпарат объектінің сипаттама түрінде ( графикалық) немесе атрибуттар ретінде сақталады. Мысалы, жол торабы жолдың осьтік сызығымен көрсетілсе, біз жол туралы көп мәліметтер ала алмаймыз. Ал осы жол туралы көбірек мәлімет алғымыз келсе (ұзындығы, ені т.б.) біз деректер қорына жүгінуіміз керек.

Демек біз деректер қорындағы мәліметтерді пайдаланып оны шартты белгілер деп жолды бейнелеп көрсете аламыз. Тіпті ГАЖ-ді сақталған атрибуттарды қолдана отырып , картадағы объектілер туралы жаңа мәліметтер алуға болады, мысалы; жолдың ұзындығын немесе көлдің, тау жыныстардың жалпы ауданын табуға мүмкінщілік береді.

Егер қысқаша айтсақ , ГАЖ өзінде карта немесе оның бейнесін сақтамайды, ол деректер қорын сақтайды. Сондықтан ГАЖ да деректер қоры, технологияның кіндігі болып табылады.

Қазіргі кезде алдыңғы қатарлы геоақпараттық жүйелерде деректер қорын басқаратын жүйелер.

Бұл осы жүйенің басқа жүйелерге (қарапайым сызба немесе компьютерлік картографиялық жүйе ) басты өзгешелігі. Сондықтан осы қазіргі замандағы ГАЖ технологияның құрамына деректер қорын басқару жүйесі қосылған.

Яғни, демек біз объектілер туралы үш мәлімет білуіміз керек, бұл не: бұл қай жерде орналасқан және бұл басқа объектілермен қандай байланыста .

Шын мәнінде ГАЖда мәліметтер сипаттамасын картадағы объектілермен байланыстыра отырып, жаңа байланыстар құруға болады, мысалы: үй салуға берілген участоктің жарамдылығын, егіннің шығуын, мекеме салатын жайдың.

Яғни, демек біз объекттер туралы үш мәлімет білуіміз керек, ол не, ол қай жерде орналасқан, және ол басқа объектілермен қандай байланыста.

Жалпы бағыттағы ГАЖ деректермен (маліметтер) бес мәселені шешеді.

Енгізу. ГАЖ-де маліметтер (деректер) басқа түрде қажетті цифрлы фарматқа өзгертілу қажет. Мәліметтерді карта түрінен цифрлы түрге өзгертуді –одифровка немесе цифрлау дейді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған процесті іске асыру үшін дигитайзерлер (цифрлаушы) және сканерлер қолданады.

Кейбір ГАЖдарда, қәзір бәрінде, расторлық бейнені автоматты түрде векторлық түрге ауыстыратын векторизанторлар қойылған.

Манипуляциялау. (айла, әрекет,амал). Нақты проект жасаған кезде алға қойылған мақсатты шешу үшін, кейбір кездерде мәліметтерге толықтыру (қосымша) енгізу қажеттілігі туады. Мысалы енгізілген географиялық мәлімет (карта) 1:200000 масштапта, ал магн.карта 1:1000000масштапта. Екі мәліметті біріктіріп өңдеу үшін, бір масштабта және бір картографиялық проекцияда болган жөн. ГАЖ технологиясын кеңістікте таралган мәліметтермен жұмыс істеу үшін әртүрлі амалдар қолданады. Бұл әрекет , әрине алға қойылған мақсатты шешуге бағытталған.

Басқару. Шағын жобаларда географиялық мәліметтер қарапайым фаилдарда сақталады.Бірақта, геомәліметтер көбейген сайын және оны пайдаланушылар көбейген сайын, оларды сақтау құрылымын анықтау үшін деректер қорын басқару жүйесін қолдану қажет. Геоақпараттық жүйеде әрине деректер қорын реляциялық жүйе ретінде көрсету өте ыңғайлы болар еді. , себебі деректер таблица түрінде сақталады. Яғни таблицаларды бірімен-бірін байланыстыру үшін жалпы өріс (поля) тағайындалады. Бұл қарапайым және икемді амал көптеген ГАЖ технологисында қолданады.

Сұрау және сараптау. Қолыңызда ГАЖ технологисы және географиялық мәліметтеріңіз болса, онда төменгідей қарапайым сұрақтарға жауап бере аласыз. Мынау не? Егер бұл обьект болса, олар бірі-мен-бірі қандай қашықтықта орналасқан ? Бұл қай ауданға жатады ? (Одан басқа күрделі сұрақтарға талаптар қоя аламыз) Тіпті күрделі сұрақтармен сараптамалаларға жауап беруге болады. (Үй салуға орын барма? Жаңа пол салынса, ол көліктердің жүру қабілеттілігіне қалай әсер етеді?) .

ГАЖ-ді пайдаланып әртүрлі жағдайларды ойын ретінде көрсетуге болады, мысалы «қалай болады, егерде...». Қәзіргі кездегі ГАЖ-дерде көптеген күшті де қолайлы сараптау жүйелері бар, әсіресе, оның ішінде екеуі ерекше бөлек тұрады : біріне-бірі жақындау (қатарлау) жүйесі және бірінің үстіне бірін қабаттастыру(наложение). Обектілердің біріне-бірін жақындығының қатынасын анықтайтын жүйені - будиризация дейді. Мысалы, көлдің жағасындағы 100м қашықтықтағы үйлердің санын анықтау немесе ауыл төңірегінде 500м қашықтықта қанша бұлақ бар немесе орталықтан 10км қашықтықта қанша мұнай береді т.б. Әртүрлі (мысалы гидрография мен топография) тематикалық қабаттарды қабаттастыру үшін деректерді жинақтау (интеграция) процесі қолданылады. Бұл қабаттастыру және кеңістікте біріне-бірін қосу, топырақ туралы, жердің еңістігін , өсімдіктер, жердің бағасы туралы деректер алуға мүмкіншілік береді.

Визуализация (көрсету). ГАЖдың соңғы нәтижесі , бұл деректерді карта немесе график түрінде көрсету . Географиялық мәліметтерді сақтау және көрсету өнімді әдістерінің бірі –карта . Бұрынғы уақытта картаны жүздеген жылға жасайтын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет